Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017
Қазіргі кезеңде егемен еліміздің қай саласында, қай деңгейінде болсын ұлтына адал қызмет жасап жүрген тұлғалар өте көп. Солардың бірі – еліміздегі жоғары білім беру ісінің білікті ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құсайынов. Әбекең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(бұрынғы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) тарих факультетінің 1969 жылғы түлегі. Университет қашанда өзінің елге адал қызмет етіп жүрген түлектерін мақтан етеді. Әбекеңнің суреті университеттегі тарих археология және этнология факультетінде «Біздің мақтанышымыз» деген қабырға стендінде қазіргі жастарға үлгі болсын деген мақсатта ілулі тұр.
Бизнес • 29 Желтоқсан, 2017
Жылдың үздік кәсіпорындары – «Алтын сапа-2017» сыйлығының иегерлері
Парламент • 28 Желтоқсан, 2017
Қ.Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды
Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Сенат қызметіне жоғары баға берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның «Достлуг» орденімен марапатталды
Бизнес • 28 Желтоқсан, 2017
ЭКСПО кезінде қоқыстардың 42 пайызын кәдеге жаратуға мүмкіндік берген жоба
Табиғи ортада пластик ыдыстардың ыдырауы үшін – 50 жыл, полиэтилен пакетіне – 200 жыл, ал шыныға 1000 жыл керек екен. Қазақстанның әрбір тұрғыны орташа есеппен жылына 300 келі қоқыс өндіреді. Былтырғы деректер бойынша біздің елдің аумағында 103 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық жинақталған. Жыл сайын осы санға тағы да 5-6 миллион қосылып отырады. Мұның бәрі жылдар бойы жиналып, қазіргі таңда ел аумағында 4 мыңға жуық полигондар мен қоқыс қоймаларын жасақтауда. Солардың ішінде тек 590-ы экологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.