Білім • 12 Желтоқсан, 2017
Қай қоғамның да алға қойған мақсаты – адам әлеуетін жақсарту. Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі мақаласындағы «Өмір сүру үшін өзгере білу керек» деген байламы көп жайды аңғартады. Осыған орай, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен №78 мектеп-лицейде «Адами әлеует – елдің инновациялық дамуының басты факторы» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференция өткен еді.
Білім • 12 Желтоқсан, 2017
«Егемен Қазақстан» газетінің 3 қараша күнгі №212 санында Сүлеймен Мәметтің «Бала, ата-ана және мұғалім» атты мақаласы жарияланып, көп оқырманның бірі ретінде маған да ой салды. Ошақтың үш бұтындай ата-ана, бала және мектеп үш тағаны бірін бірі сүйеген одақ. Олар біріге отырып қоғамның салиқалы, салмақты мүшесін қалыптастырады. Ақыл-есі сау, он екі мүшесі қалыпты бала мектеп қабырғасында жүріп, ұстаздар берген білім мен тәрбиені, ата-анадан алған өнегемен ұштастыра отырып, оны бойына сіңіріп, толыққанды орта білім алып шығуға міндетті. Алайда мақалада айтылғандай, толыққанды емес отбасындағы баланың тәрбиесі мен біліміне алаңдауымызға негіз бар. Бүгінгі мектепке ең бірінші кезекте ер мұғалімдерді көптеп тартуымыз керек. Әр отбасында әкенің алар орны, оның жүріс-тұрысы, сөзі, ақыл кеңесі әрбір ұл мен қыз үшін өте маңызды. Ал әкесіз бала тәрбиелеп отырған отбасында барлық материалдық қажеттіліктер қамтамасыз етілген күннің өзінде бәрібір әке орны үңірейіп сезіліп тұратыны анық.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2017
Қызылорда қаласындағы іргелі білім ошақтарының бірі – №2 «Мұрагер» мектебі. Бұл өзі үш тілде білім беретін, мамандандырылған оқу ордасы. Жуырда «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы тілшілер қосыны өскелең ұрпақты білім нәрімен жан-жақты сусындатып отырған «Мұрагер» мектебінің мұғалімдерімен кездесті.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017
Білім беруді жетілдіру, мектептерді қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік мол, оқытушыға қойылатын талаптар жоғары дегенмен, ауылдың аты – ауыл. Ондағы мектептердің барлығы осы талаптар тұрғысынан көріне алады дей алмаймыз. Осы орайда облыстық білім басқармасы өкілдерінен ауыл мектептерінің ахуалы жайлы сұрағанымызда, олар Маңғыстау ауданына қарасты Ұштаған ауылындағы мектепке барып көруге кеңес берді.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017
Орал қаласында «Жомарт жүрек-2017» атты меценаттар форумы өтті. Форум аясында бірнеше шара өтіп, оған өнер мен білім, саясат пен экономика саласында жүрген оралдықтар шақырылды.