Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017
Шынболат шындығының шырағдандары
Таяуда Сәтбаев қаласы айтыс ақтаңкері, танымал жыршы-термеші Шынболат Ділдебаевтың 80 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Алдымен, «Шындық» жинағының тұсаукесерін өткізіп, одан кейін «Текті сөздің төресі – терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауын ұйымдастырған. Еске алу кешін ерекшелеген әрине, Шынболат Ділдебаев атындағы «Ұлы Дала үні» республикалық жас ақындар айтысы болатын.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2017
Мажарлық түркітанушы ғалым: Қазақтануға құштарлығымды оятқан Қоңыр ағам еді
Жазиралы Жетісу, Асқақ Алатау... Сұқтансаң көз тоймас сұлулыққа толы осынау көркем өлкені көп кездім. Көшпелі өмірдің еміс-еміс елестерімен кездестім. Ауылдағы адамдар басымнан сипап, бауырға тартты. Жылқышылармен қырға шығып, қымыз іштім. Салбурынды тамашалап, саятшылардың бүркіт салғанын көрдім. Кеудесі кең сарайдай кемеңгер қариялардан ескі әңгімелерге қанықтым. Халықтың әдет-ғұрыптарымен таныстым. Қысқасы, отаныма қазақ болып қайттым.
Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2017
1997 жылы желтоқсан айының 13-і күні Қазақстан Республикасы Парламенті тарихында ерекше оқиға орын алды. Елбасы Н.Назарбаев елорда төрінде Мәжіліс депутаты Әкім Ысқақ ұсынған «Халықтың көші-қоны туралы» заңға қол қойды. Сонымен қатар бұл заң Парламент тарихында алғаш рет мемлекеттік тілде дайындалған құжат ретінде тарихқа қатталды. Аталмыш оқиғаға міне, биыл 20 жыл толып отыр. Осы орайда біз «Халықтың көші-қоны туралы» заңның авторы, қоғам белсендісіне жолығып, арнайы әңгімелескен едік.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017
Күнделікті әдетімен жұмысқа көтеріңкі көңіл-күймен кеткен Дина Мақашева баспанасының сүріліп, орнын сипап қаламын деп әсте ойламаған.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2017
Егер түрлі деңгейдегі атқарушы органдарда қызмет атқаратын жетекші тұлғалар өзіне тікелей тапсырылған міндеттерді салақсытып жіберсе немесе жауапкершілікті сезінбесе сөгіс алуы әбден мүмкін.