Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Алматы облысындағы ең төменгі жалақы мөлшері – 78 939 теңге
Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша Алматы облысындағы орташа айлық еңбекақы мөлшері 137 054 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бұрнағы жылмен салыстырғанда 20,6 процентке өскен. Ал нақты өсім көрінісі 14,7 процент шамасында екен.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Алғашқы халықаралық бағыт ашылды
Таяуда отандық алғашқы лоукостер FlyArystan компаниясы елордамыздан Мәскеуге қатынайтын алғашқы халықаралық ұшақ бағытын ашты. Әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұр-Сұлтан Мәскеу бағытындағы билеттің бағасы нарықтағыдан шамамен 60 пайызға төмен.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Алматыда тегін мұз айдындары ашылды
Алматыда Тұңғыш Президент саябағында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ пен Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында тегін мұз айдындары ашылды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында бөлшек сауда айналымы 3,2 процентке өсті
Алматы облысында өткен 10 ай көлемінде бөлшек саудадағы тауар айналымы 3,2 процентке өсіп, ақшаға шаққанда 488 825 млн теңгені құрады.
Руханият • 18 Желтоқсан, 2019
«Астана Балет» сахнасында «Золушка» балетінің премьерасы өтеді
Хрусталь туфли киген бойжеткен жайлы, бала кезден таныс ертегіге «Астана Балет» сахнасында жан бітеді. Желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері астаналық театр Шарль Перроның асы аттас ертегісінің желісімен, заманымыздың һас хореографтарының бірі Надежда Калинина қойған екі көріністі «Золушка» балеті паш етпек.