Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Алматыдағы метро аялдамаларында лаңкестік әрекеттердегі іс-қимылдарға қатысты акция өтті
Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» бастамасымен «Райымбек батыр», «Абай», «Мәскеу» метро аялдамаларында «Лаңкестік шабуыл кезінде қалай әрекет ету керек?» акциясы өтіп, онда ақпараттық материалдар таратылып, мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Ақмолада 130-дан астам адам құтқарылды
Желтоқсан айы жылы болғанымен, боран-шашын көп. Өкпек жолаушыға да қауіп-қатер аз емес. Ақмола облысында ақтүтек боранның салдарынан күре жолдың бойында қар кептелісінде қалған 30-дан астам көлік шығарылды.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2019
Алматы облысы бюджетінің 60 проценті әлеуметтік салаға жұмсалады
Алматы облысының мәслихат депуттары аймақтың үш жылдық бюджетін қарап, бекітті. Қаражат қоржынының шығыс бөлігі 1,8 триллион теңге шамасында.
Саясат • 18 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Елшісі Дания Патшайымына сенім грамоталарын тапсырды
Копенгагенде Қазақстанның Швециядағы Елшісі және Даниядағы Елшісі қызметін қоса атқарушы Қайрат Әбдірахманов Дания Патшайымы II Маргретеге сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Елбасының «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы – біршама жастардың тегін білім алып, жұмыспен қамтамасыз етілуіне ықпал жасаған озық жобалардың бірі. Ақмола облысында аталмыш бағдарламамен білім алып жатқан жастарға барлық жағдай жасалған.