Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Әскери мамандықтың үздік өкілдері марапатталды
Бірінші рет өткізілген «Әскер тарланы» сайысының жеңімпаздарын Ұлттық әскери-патриоттық орталығында марапаттады. Байқау оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік әскери қызметшілерін анықтауға бағытталып, Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 18 Желтоқсан, 2019
Сенатта теміржол көлігі мәселелері қаралды
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2019
Елордада «Пиротехника-2011» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Елордалық Полиция департаменті ТЖД-мен бірге 2019 жылдың 17 желтоқсанынан 2020 жылдың 3 қаңтарына дейін қала аумағында «Пиротехника-2019» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Экономика • 18 Желтоқсан, 2019
Ақтөбе мен Италия арасындағы тауар айналымы арта түседі
Өндірісі өркен жайған Ақтөбе аймағында тоғыз жүзге жуық шетелдік компания тіркелген. Өңір экономикасының көкжиегін көтеруге осыншама шетелдік капиталдың қатысуы салықтық базаның ұлғая түсуіне оң әсерін тигізуде.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Қарағанды облысында жаңа көпір пайдалануға берілді
Қарағанды облысындағы Нұра ауданында Құланөтпес өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.