Тарих • 13 Желтоқсан, 2017
Ақмола облысындағы киелі орындар
Ақмола облысында киелі орындар көптеп саналады. Дей тұрғанмен, зерттеу жұмыстары селқос жүргізіліп келді. Тек соңғы жылдары бұл мәселеге ерекше көңіл бөліне бастаған сыңайлы. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланғаннан кейін ғана сең қозғалды. Осы күндері нендей шаралар атқарылып жатқанын өз көзімізбен көру үшін баспасөз турымен киелі жерлерге жол тарттық. Бұл өңірде жиырмаға тарта киелі жер бар. Соның бір бөлігі республикалық киелі жерлер картасына енгізіліп, қалғаны облыстық тізімнен орын алып отыр.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2017
Жамбылда «Баһадүр батыр Байсейіт Тойшыбекұлы – тарихи тұлға» атты конференция өтті
Төсінде сағым ойнаған сайын даланы басқыншы жаудан қорғаған батыр бабалар есімі халқымен қайта қауышқалы ширек ғасыр уақыт өтті.
Әдебиет • 13 Желтоқсан, 2017
«Ақтастағы Ахико» қалай жазылды? (Эссе)
2016 жылдың ақпанында бастығымыз, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл кабинетіне шақырып «Қарағанды облысындағы Ақтас кентінде Ахико Тецуро деген қария тұрады екен. Қазақстанға соғыстан кейін қуғын-сүргінге ұшырап келіпті, жасөспірім шағынан Қарлагта отырған. Содан біздің елді мекендеп қалыпты. Жапонияға бірнеше мәрте қайта оралған екен, тіпті кезінде Жапония оған үй, жәрдемақы тағайындап, алдырыпты. Екі-үш жыл тұрып, жерсіне алмай Ақтасына қайта оралыпты. Қарлаг тақырыбын кеңінен зерттеп жүрген Нұрлан Дулатбеков деген ғалым маған сол кісінің тағдырын сахналасақ деген идеямен шығып отыр, сен пьеса жазсаң» деді. Осыған дейін шығармашылығыма мистика мен адам психикасының түрлі реңктерін арқау етіп келген мен деректі дүние, көзі тірі, өмірде бар адам жайлы қалай жазамын деп жүрексіндім. Сол кездегі тарихты, аяулы алаш боздақтарын қамту шарт... «Жаза алмаймын-ау» дедім. Бастық «жаза алмаймын дегенді жазып көріп, содан кейін айт» деді. «Жақсы» деп кабинеттен шықтым. Үміттен күдік басым болды.
Тарих • 13 Желтоқсан, 2017
Тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлем қоғамдастығы алдында құқықтық мәртебеге ие болып отырған Қазақстан – қазақ халқының ұйық мекені. Ежелден еркіндік аңсаған бабаларымыз азаттық жолында түн ұйқысын төрт бөліп, күндіз отырмады, түнде ұйықтамады ұрпақ қамы үшін.
Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді.