Руханият • 19 Желтоқсан, 2019
Құдайберген Жұбанов және қазақ терминологиясының кейбір мәселелері
Өз өмірін тұтастай қазақтың тілі мен мәдениетінің өрлей түсуіне бағыштап, небәрі 40-қа енді шыққан шағында халық жауы атанып мерт болған тілшінің өзге еңбектерін өзге жұрт айта жатар. Менің бұл жолғы мақсатым – Құдайберген Жұбановтың қазақ жазуының емлесі мен терминологиясына қатысты еңбектеріне назар аудару, әсіресе терминологияға байланысты ойлары мен пікірлеріне бойлау. Бір қарағанда оның термин туралы жазған еңбегі шамалы ғана. Атап айтқанда «О специфике слов-терминов» (1933 ж.), «О терминологии казахского литературного языка» (1935 ж.), «Принципы терминологии казахского литературного языка, принимаемые государственной терминологической комиссией», «К пересмотру казахской орфографии» (1935 ж.) деп аталатын еңбектерін атауға болады.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2019
Жуырда Finprom.kz сайты бірқатар статистиканы жариялағаны бар. Біздің назарымызға екі дерек ілінді. Екеуінің де астарына үңілсек, қазақ қоғамының кәсіпке деген көзқарасын, біздегі кәсіптің даму бағытын, нарықтағы бағаның құбылуын, тіпті қазақ қоғамының бүгінгі сұранысын, тірек етер құндылығын көрсетеді. Ал әлгі деректерге тоқталар болсақ, бірі еліміздегі қонақүйлер мен шипажайлар санының өскенін, екіншісі көңіл көтеру мен өнер саласына салынған инвестиция көлемінің артқанын көрсететін мәліметтер. Әрине «өсім бар» дегенді естігенде экономиканың осынау салалары дамып жатыр екен деп қуанып қалуыңыз мүмкін. Бірақ бұл деректер біздің кәсіпкерлікке қатысты ұстанымымызда өндірістен гөрі қызмет көрсетуге көбірек көңіл бөлетінімізді әрі қоғамда бұл салалардың дамуына ыңғайлы жағдайдың қалыптасып отырғанын байқатады. Тіпті бұл деректер өндіріске бейім сананың қалыптаспағанына да нақты дәлел болады.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2019
АХАТ саласындағы заңнамалық жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан көтеріліп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2019
Жасыл даму – ғылыми-техникалық кеңесті күшейтпек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қыркүйек айында БҰҰ климаттық саммитінде сөйлеген сөзінде қоршаған орта жағдайының құлдырауы әлемді тұрақсыздандыратын факторлардың бірі екенін айтып өтті. Табиғатқа техногенді түрде әсер ету мен Орталық Азиядағы климаттың өзгеруі аса күрделі экзистенциалдық тұрғыдағы проблемаларға, атап айтқанда шөлейттену, мұздықтардың еруі және суармалы су мен ауыз су ресурстарының сарқылуына әкеліп соқпақ.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2019
Құс өнімдері нарығына әділетсіз бәсеке кедергі
Ішкі нарықта құс етінің басқа түрлеріне қарағанда «окорочкаға» сұраныс жоғары деп бағамдайды сарапшылар. Бағасы тұтынушыға қолжетімді тағам бізге Америкадан жеткізіледі. Құрама Штаттан әкелінетін құс етінің бағасы ішкі нарықтан әлдеқайда арзан. Ал фаст-фуд тағамдарға үйірсек келетін америкалықтар қанаты мен жұмсақ етін көп тұтынатындықтан, құстың сан етін өзіндік құнынан да төмен бағамен шетелдерге экспорттайды.