Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Энергетика министрінің кандидатурасымен келісті
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, депутаттар Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасын келісті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың М.Досмұхамбетовті өңір әкімі лауазымына ұсынған кандидатурасына қолдау білдірген Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2019
Бүгінде әлемдегі таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарынан табылып, беделді QS рейтингі бойынша 207 орынды иеленіп отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің толайым табысының іргетасы ғылыми кадрларды даярлауға жете көңіл бөлініп, теориялық және қолданбалы зерттеулерді дамытуға баса назар аударылған өткен ғасырдың 60-70 жылдары қалана бастады десем, ақиқаттан алыс кетпеспін. Бұл кездері университетімізде физика, математика, химия және биология бойынша жаңа кафедралар ашылып, қоғамдық ғылымдар саласында да үлкен серпіліс болды.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2019
«Өмірде маған жақсы адамдар көп кездесті»
Қазақтың ән өнерін асқақтатып жүрген өнерпаздың бірі – Бақыт Шағырбаев. Атақты Шал ақыннан бастап, ұлттың ұлы тұлғаларының термелерін, халық әндерін нақышына келтіре орындайтын әнші. Бүгінде Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында қызмет атқарып жүрген Бақыт Шағырбаев жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Жақсы күннің қарсаңында біз онымен әңгімелескен едік...
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
1991 жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақ елінің тәуелсіздігін санаулы сағаттардың ішінде мойындаған Түркия республикасы екені белгілі. Сондай-ақ әлем мемлекеттері арасында Қазақстанда өз елшілігін алғашқылардың бірі болып ашқан да Түркия. Содан бергі аралықта екі мемлекет арасындағы туыстық және достық пен әріптестік аясындағы қарым-қатынас тереңдей түсуде. Соның бірі – жоғары білім беру саласындағы байланыстар.