Руханият • 19 Желтоқсан, 2019
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Аласапыран заманда атқа міндік...
Тәуелсіздік елімізге оңайлықпен орнаған жоқ. Оған қарсылардың көп болғанын, солтүстік облыстарды Молдовадағы «Приднестровье» сияқты бөліп әкетуге тырысқандардың жүген-құрықсыз жосығанын осы күнгі жастар біле бермейді. Сол кезде, әсіресе, Солтүстік Қазақстан облысындағы қатер үлкен еді. Біз сол күндерде жергілікті биліктің басында болып, үзіліссіз он бір жыл бойы облыс әкімінің бірінші орынбасары болған Құдайберген Қалиев ағамызбен әңгімелескен едік.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Пиротехникалық өнімдер сататын орындар тексерілуде
Жаңа жылдың қарсаңында полицияға қосымша проблема жүктейтін нәрсе – пиротехникалар. Оны орынсыз қолданудың кесірінен талай бала жараланып жатады. Сондықтан СҚО полицейлері республикалық «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасына белсене қатысып, сауда орындарын тексеруді қолға алды. Оның мақсаты – адамдарды сапасыз от шашулар мен петардаларды пайдаланудан болатын қауіптерден сақтау.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Алматы облысындағы азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры төмендетті
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді сататын дүкендерде күнкөріске қажетті тауар бағасы біршама төмендемек. Бұл облыстың тұрақтандыру қорынан бөлінген қаржының арқасында мүмкін болып отыр.
Медицина • 19 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында онкологиялық есепке алу дерегі көбейді
Алматы облысында онкология дертіне шалдыққандар қатары азаймай отыр. Облыстың медицина саласына бөлінген қаржы жыл сайын көбейіп, мемлекеттік қолдаудың барлық түрі жасалғанына қарамастан «аты жаман аурумен» ауыратын адамдар саны да өсіп келеді.