Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Қазақстан Елшісі Израиль Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израиль Мемлекетінің Президенті Реувен Ривлинге «Beit Hanassi» резиденциясында сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Дәрігердің орташа жалақысы 2025 жылы 2,5 есеге артады - Елжан Біртанов
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары туралы баяндап, денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған жобасын ұсынды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында жастар саясатын дамытуға 56,7 млн теңге жұмсалды
Биыл Алматы облысындағы жастар саясатын дамытуға арналған «Жастар жолы» іс-шаралар жоспары бойынша 11 жоба жүзеге асқан. Оған 56,7 млн теңге бюджет қаржысы жұмсалған.
Медицина • 19 Желтоқсан, 2019
Алматы облысында туберкулезді оңалту жұмысы ақсап тұр
Алматы облысында өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда құрт ауруына шалдыққандар саны азайған. Биылғы 9 айда туберкулез диагнозы қойылған науқас саны 8,7 процентке төмендеп, 665 дерек тіркелген. Былтыр науқас адам саны – 721 болған екен.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар ТүркПА-ның 9-шы отырысына қатысты
Сенат депутаттары Бекмырза Еламанов, Сәрсенбай Еңсегенов және Марат Тағымов Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бакуде (Әзербайжан) өткен 9-шы отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.