Ұлттық спорт • 14 Желтоқсан, 2017
Құс салып, аң аулау көптеген халықтарда бар өнер. Еліміз де мұндай сауық құрудан кенде емес. Соның дәлелі өткен сенбіде Щучье-Бурабай курортты аймағының Текекөл деп аталатын көлінің жағасында өткен «Қансонар-2017» халықаралық турнирі. Аталған шара ел Тәуелсіздігі күніне және аты аңызға айналған осы өңірдің тумасы бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналды.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2017
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия қызметін жаңғырту және оның саяси жұмысына жаңа үлгілер мен әдістерді қолдану жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл орайда Елбасы жаңғырудың 2017 жылы жарияланған үш бағдарламасын іске асыру барысында «Нұр Отан» партиясының рөлін айқын әрі анық түсіну, бағдарламаларды жүзеге асыруға лайықты атсалысу үшін партия өз жұмысын өзгертудің нақты жолдарын табуы тиіс екенін атап өтті. Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасы қалай орындалуда?
Парламент • 14 Желтоқсан, 2017
Стандарттау ісін жетілдіру маңызды
Кеше Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп, онда салық салу мен бюджетке төленетін төлемдер туралы үш заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды. Сонымен қатар екі бірдей заң жобасы қызу талқыланып, жеті заң жобасына қатысты қорытынды әзірлеу жөнінде шешім қабылданды.
Білім • 14 Желтоқсан, 2017
Тәуелсіздік жылдарында білім саласын дамыту мақсатында қыруар жұмыс атқарылды. Еліміздің мыңдаған жас азаматтары әлемнің маңдайалды университеттерінде білім алды. Заманауи деңгейдегі, халықаралық стандартқа сай университеттер, колледждер ашылып, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Бір ғана мысал, Елбасы бастамасымен биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Осылайша тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылды. Біздің Жоғары жаңа технологиялар колледжіміз де Тәуелсіздік жылдары білім беру саласында өзіндік орнын қалыптастырып, сұранысқа ие мамандар даярлауға бағыт алды.
Тарих • 14 Желтоқсан, 2017
Ордабасы – Тәуелсіздікпен тамырлас тарихи орын
Шымкенттен Түркістанға барар жолда немесе батыстан оңтүстікке келер бетте алыстан менмұндалап тұратын осынау төбенің ел тарихында алар орны ерекше. Жасыратыны жоқ, кеңестік дәуірде елеусіздеу қалған да болатын. Яғни Ордабасы Тәуелсіздік жылдары мән-маңызы айшықтала, айқындала, арта түскен, жадыда жаңғырған тарихи орын. Қазақ хандығы дәуiрiнде аса маңызды мемлекеттiк мәселелер халық өкiлдерiнiң жиындарында шешiлiп отырғаны мәлім.