Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
Үкімет Білім мен ғылымды дамытудың жаңа 5 жылдық бағдарламасын мақұлдады
Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту кезеңдері туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 19 Желтоқсан, 2019
2020 жылы қазақстандықтар үшін зейнетақы мен жәрдемақы қандай болады
«2020 – 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақылар арттырылатын болады. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысында «Арқан» мобильді кешені қолданысқа енгізілуде
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық маңызы бар тасжолының Жамбыл ауданы аумағында «Арқан» автоматтандырылған мобильді кешенін таныстыру шарасы өтті.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Д. Назарбаева балық шаруашылығы саласының өкілдерімен жұмыс бабында кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында балық шаруашылығы саласының өкілдерімен жұмыс бабында кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Сыбайлас жемқорлық жарға жығады
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністерінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүргізуде.