Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2019
Елорда әкімдігі балаларға жаңажылдық шырша тойын өткізді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығында жаңажылдық шырша тойын өткізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Маңғыстау облысында «Жас тұлпар-2019» жастар сыйлығы табысталды
Ақтауда Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жас тұлпар-2019» облыстық жастар премиясын табыстау шарасы өтті деп хабарлады Маңғыстау облыстық «Өңірлік Коммуникациялар Қызметі».
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Б.Сапарбаев Ақтау қаласының тұрғындарымен кездесті
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкіметтің жұмыс тобы Ақтау қаласында ісспармен болды. Іссапар барысында жұмыс тобы «Маңғыстау Арена» спорт кешенінің жұмыс барысымен танысып, қала тұрғындарымен кездесті.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2019
Зағип жандар кітапханасында «Қазақтың бұлбұлы» әдеби кеші өтті
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен кітапхананың жеке қызмет көрсету бөлімінде «Болашақққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына орай әдеби кеш өтті. Кеш барысында Бибігүл Төлегенованың шығармашылығынан деректі фильм көрсетілді.
Парламент • 19 Желтоқсан, 2019
Жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту туралы заң жобасы қаралды
Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.