Ата заң • Бүгін, 11:10
Мақсат Толықбай: Жаңа Ата заңның қазақ тіліндегі нұсқасы толықтай қайта жазылды
Қазір елде қоғам талқысына ұсынылған жаңа Конституция жобасына қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбайдың айтуынша, біздің айтқандарымыз көбіне екі-үш тармақтың төңірегінен аспай жатқандай әсер қалдырады. Ал шын мәнінде, жаңа Конституция 320 тармақтан, 95 баптан тұратын ауқымды құжат, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 11:03
Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 10:58
Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді
Ертең, 5 ақпан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін Қазақстан аумағында телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • Бүгін, 10:43
Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау
Жаңа Конституция жобасында тарихи сабақтастық қағидатын айқындау және «Ұлы дала» ұғымын құқықтық деңгейде бекіту мәселесі көтерілді. Бұл бастама мемлекеттің тарихи негізін, біртұтастығын және егемендік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Бүгін, 10:33
Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады
Енді жұмыс істемейтін әкелердің кәмелетке толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есептеледі. Бұл нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.