100 • 20 Желтоқсан, 2019
«Егеменнің» тарихын түгендеген еңбек
Жуырда елордадағы «Фолиант» баспасынан белгілі журналист Тілекқабыл Боранғалиұлының «Еңбекші қазақ» әндері» кітабы жарық көрді.
100 • 20 Желтоқсан, 2019
Ел басына күн туған, ер тағдыры сынға түскен уақыттың өзінде де ұлттың үнін жеткізуге, жақсылықтың жаршысы болуға тырысқан басылымды мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері, шет мемлекеттердің елшілері мен ақпарат құралдары, ұлттық компаниялар мен серіктес кәсіпорындар құттықтады.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2019
Көкшенің көркі көзқұртына айналды
Көкшетау орманымен көрікті. Бурабайдың баурайындағы Меңіреудің ит тұмсығы өтпейтін қалың орманы өз алдына, Зерендідегі Қошқарбай тауының етегінен көктей көмкерген орман сілемі Кіші Түкті мен Үлкен Түктінің қалың жынысына ұласады. Мәңгі жасыл қарағайлар мен қолдың саласындай қайыңдар, тамаша табиғаттың тамылжыған суреті көз арбайды-ақ.
Экология • 20 Желтоқсан, 2019
Жақында бүкіл әлеуметтік желілерде өскемендік оқушының әкесі түсірген бейне желдей жүйткіп, ел арасына лезде тарап кеткен еді. «Әкем екеуміз таза ауа жұтуға қала сыртына келдік. Қала газға толып тұр. Екі мұржа ғана көрінеді» дейді ол қара түтін құшағына оранған қаланы көрсетіп. Шынын айтқанда, бұл бейнені көріп алыстағы жұрт «сұмдық» деп жағаларын ұстаса, кейбіреулер «бұл тұман араласқан түтін ғой. Онда тұрған ештеңе жоқ» деп жауырды жаба тоқығысы келсе, біз «шынымен де осы қалада тұрып жатырмыз ба, қалайша тұрып жатырмыз?» деген жауабы жоқ сауалдарды өз-өзімізге қоюға мәжбүр болдық.
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2019
Шағын мектеп шырайы – кітапхана
Шалғайдағы Саты ауылының 9 жылдық мектебінде 52 оқушы ғана қалыпты. Әр сыныпта 5-6 оқушыдан оқыса, 15 мұғалім сабақ беруде. Ауыл тұрғындарына көзқуаныш болып қалған осы мектеп қана.