Парламент • 23 Қыркүйек, 2019
Мун Хи Сан: Қазақстан - Кореяның маңызды әріптесі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері Спикерлерінің 4-кеңесіне қатысуға келген Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Мун Хи Санмен алдағы форум жайын әңгімеледі. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қыркүйек, 2019
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Владимир Володинмен, Федералдық Жиналыстың Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умахановпен кездесуі барысында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын тереңдете түсудің келешегі талқыланды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 23 Қыркүйек, 2019
Иранда «Қорқыт ата» кітабының жаңа нұсқасы табылды
«Қорқыт ата» кітабының жаңа жазбасы Иран жерінен табылды. Бұл жөнінде Сыр өңірінде өткен түркітілдес елдердің «Қорқыт және Ұлы дала сазы» өнер фестиваліне келген ирандық коллекционер Вели Мухаммед Ходжа мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2019
Роман Скляр Иордания өкілдері палатасының төрағасымен кездесті
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иорданияның парламентаризм желісі бойынша ғана емес, өзара қызығушылық тудыратын басқа да салалардағы екіжақты қатынастарын талқылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Саясат • 23 Қыркүйек, 2019
Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне қатысты
БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы шеңберінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.