Руханият • 24 Қыркүйек, 2019
Қазақ әдебиетінің Би-ағасы – Бейімбет Майлиннің кіндік қаны тамған жер Әйет өзені бойында жатыр. Тобылдың арналы саласы толықсып ағады. Қазақ даласының тастақты, қыратты келетін бір сұлу өңірі бұл. Жылдың төрт мезгілінде асыл тастың қырындай құлпыратын, көкмайса жазы, сарыала тон кигендей күзінің көркемдігі көрген жанның есінен кетпейді. Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтің: «Сазды Әйет, Сарыарқада Түйемойнақ, Сары жайлау, сабатына бие байлап, Отырып уық тастам көшпелі елдер, Ететін ала шаңдық үнемі ойнақ, Тірілген шыбын-шіркей шілде шалып, Көк майса құлпырған кез жер жасарып» деп жырлайтын өңірде бала Бейімбеттің шыбық мініп, шапқылап жүгіргені, ат жалын тартып, жігіт болғаны аян. Туған жерде сауатын ашып, қызметін бастады. Ғасырдан астам уақытта туған жердің ақын жырындағы бедері түгел, өзі дауылы мен жауынын көрген, құрбаны болған құрсауы мықты заман да әлдеқашан өзгерді. Бүгін Әйет бойы да Бейімбет пен оның аталары аңсаған Тәуелсіз қазақ елімен бірге тыныстап жатыр.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019
Маңызды мәселеге мейлінше мән берілді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған Төлеубек Мұқашев, Қайрат Қожамжаров және өзге де комитет мүшелері Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, әскери және техникалық оқу орындарының жағдайымен, сондай-ақ арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты.
Үкімет • 24 Қыркүйек, 2019
Қытымыр қысқа қапысыз дайындық керек
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында қысқы жылыту маусымына өңірлердің дайындық барысы қаралды. Аталған мәселе бойынша Энергетика министрінің бірінші орынбасары Махамбет Досмұхамбетов және бірқатар өңірдің әкімдері жылыту маусымына дайындық туралы баяндады.
Экология • 24 Қыркүйек, 2019
Көп балалы отбасылар бірінші кезекте үй алады
Биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беріледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Әлем • 24 Қыркүйек, 2019
Халықаралық Түркі академиясында елордада өтіп жатқан Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысуға келген Түркия мен Әзербайжан Республикалары Парламент төрағаларымен кездесу болды. Дөңгелек үстел форматында өткен басқосуға Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, Әзербайжан Ұлттық мәжілісінің төрағасы Октай Асадов, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, сондай-ақ елшілер, депутаттар, ғалымдар және өзге де мәртебелі меймандар қатысты. Шара Түркі кеңесінің құрылуына себепші болған Нахчиван келісімінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылды.