Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019
Бүгінде Алматы облысының энергетикалық мүмкіндігі ішкі қуат нарығындағы сұраныстың 60 пайызын ғана орындауға мүмкіндік береді екен. Ал қалған қажетті қуат көзі көршілес Жамбыл облысы мен Қырғыз елінен сатып алынады. Қазір аймақта ішкі энергия сұранысын қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар қызу жүріп жатыр. Оның ішінде Жетісудың ағынды өзендерінен қуат өндіретін стансалар құрылысы жанданып, күн және жел энергиясын игеруге де қадам жасалып отыр.
Руханият • 24 Қыркүйек, 2019
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен қасиетті Тайқазанның құйылғанына 620 жыл, тарихи орнына оралғанына 30 жыл толуына орай «Қайта оралған жәдігер» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019
Жоғары білім берудегі ықпалдастық
Әлемнің 11 елінен жиналған жоғары оқу орындарының өкілдері Қазақстан астанасында бас қосты. Халықаралық жиында шетелдік топ-менеджерлер, Қазақстан, Қытай, Испания, Франция, Португалия, Швеция, Эстония университеттерінің әр деңгейлі мамандары жоғары білімді интернационалдандыру мәселесін, маңызы мен іске асыру жолдарын талқылады.
Руханият • 24 Қыркүйек, 2019
Пенде баласы бірін-бірі қызғанбай тұра алмайды. Кімнің болса да төңірегінде отбасын, жеке бас жетістігін көре алмайтын, тіпті сырт келбетіне қызғанышпен қарайтындар табылады.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019
Ала шапанды ағайынға арналған алғаусыз ықылас
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығы ұйымдастырған шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды. Мерекелік шараға көршілес Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және еліміздің барлық аймағынан қонақтар қатысты.