Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020
Көлік полициясымен күш біріктірді
«Волонтер жылында» еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында Көліктегі полиция департаменті «Менеджмент және бизнес» колледжі волонтерлерінің қатысуымен «Патруль-ерікті» бірлескен іс-шарасын өткізді. Көлік полицейлері волонтерлермен бірлесе отырып «Нұр-Сұлтан-1» темір жол вокзалында және жолаушылар пойыздарында 500 бетперде таратты.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2020
Шектеулі мүмкіндіктің шексіз әлемі
Волонтерлік тек мұқтаж жандарға көмек көрсету емес, бұл – өмір салты, үлкен мәдениет. Әдетте әр еріктінің осы жолға келуінің өз тарихы, хикаясы бар. Бүгінде «Өмір лимон берсе, лимонад жасап ал» деген пәлсапа жиі айтылады. Тағдырдың жазылғанына көніп, қарап қалмай, өзі өмір сүріп жатқан қоғамды жақсартуға тырысып жүрген адамдарды көргенде болашаққа үмітпен қарайсың. Бүгінгі кейіпкеріміз Гүлден Өтебалиева жолдасымен бірге спорт мектебін ашып, Атырау облысы Махамбет ауданындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен айналысуына жағдай жасап жүр. Гүлден спорттың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін маңызы мен спортқа құштарлықтың адам өміріне әсері туралы әңгімелеп берді.
Руханият • 29 Қыркүйек, 2020
Ел қорғаған ерлердің абзал есімі ел жадында. Қан майданда өшпес ерлік көрсеткен ата даңқы уақыт өткен сайын кейінгі ұрпақты патриоттық сезімге баулиды. Өнеге болар өр тұлғаның бірі – «Жауынгерлік Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз» ордендерінің кавалері, гвардия лейтенанты Рақымжан Сансызбаев.
Тарих • 29 Қыркүйек, 2020
Арғы тарихымызда ел басына күн туғанда ерлер атқа қонса, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде азаматтар ортақ отанымыз деп есептеген Кеңес елін жаудан қорғау үшін майданға аттанды. Солардың бірі Данағұл Елемесов еді. Кеңес өкіметі кезіндегі кейбір құжаттарда ол кісінің аты-жөні қате толтырылып, Данзуба Илимисов және Данула Илимисов деген есімдермен кездеседі.
Өнер • 29 Қыркүйек, 2020
«Астана Операның» сегізінші маусымы өзгеше форматта – Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 50 адам келу мүмкіндігімен басталды. Осыған және еліміздегі өзге де жағдайларға байланысты басшылық аудитория ауқымын кеңейту әрі жақсарту мақсатымен театрдың имидждік саясатын жаңғыртуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдады.