Пікір • 02 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі Жолдауында жаңадан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын атап өткен еді. Су үнемдейтін технологияларды енгізу аса маңызды және шұғыл міндет екеніне тоқталды. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан еш кем емес екенін еске салды.
Президент • 02 Қыркүйек, 2023
Президент бірқатар кадрлық тағайындау жасады
Кадрлық ауыс-түйіс туралы хабарламаны Ақорданың баспасөз қызметі таратты, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 02 Қыркүйек, 2023
Жолдауда ел дамуына серпін беретін көп мәселе айтылды. Соның ішінде бірнешеуін ерекше атап өткім келеді. Біріншіден, Су және ирригация министрлігі құрылады. Бұл мен сайланған Ұлытау облысы үшін өте маңызды. Бетпақдаланың шекарасында орналасқандықтан, су тапшылығы – үлкен мәселе. Сол себепті бұл қадам облысқа тың серпіліс береді деп есептеймін.
Пікір • 02 Қыркүйек, 2023
Ауыл шаруашылығын дамытудың мүмкіндіктері
Президент осы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының көптен бері шешілмей келе жатқан бірқатар күрделі мәселесін ашып айтты. Мысалы, шаруашылықтар меншігіндегі техниканың 80 пайызы тозып кеткенін атап көрсетіп, жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыруды міндеттеді. Ең бастысы, Мемлекет басшысы бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың мүддесі қатар ескерілгені абзал екенін әділ атап өтті.
Басылым • 02 Қыркүйек, 2023
АЭС салу мәселесі референдумда анықталады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Жолдау жариялап, елдегі атом электр стансасын салу мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы анықталатынын мәлімдеді. Оның нақты қай күні өткізілетіні кейінірек хабарланбақ.