Президент • 02 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Қыркүйек, 2023
Премьер-министрдің орынбасары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Премьер-министрдің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 02 Қыркүйек, 2023
Мәжілістің жаңа сессиясының бірінші жалпы отырысы өтті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы алдағы жұмысты талқылап, бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • 02 Қыркүйек, 2023
Жолдаудағы басты тұжырым – тиімділік
Президенттің кеше ғана жарияланған халыққа Жолдауы – елді жасампаздыққа жетелейтін тарихи құжат. Бұл – елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы. Жалпы, кейінгі бес жылдағы Президент жолдаулары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге ұласты.
Сенат • 02 Қыркүйек, 2023
Экономикалық саясаттың басымдықтары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының алдағы кезеңдегі басым бағыттарын белгілеп берді. Осылайша, экономикалық саясаттың жаңа моделіне көшудің нақты және тиімді тетіктері айқындалды. Олар әділдік, инклюзивтілік, тиімділік және прагматизм қағидаларына табан тірейді. Ұсынылған шаралар экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған.