Білім • 03 Тамыз, 2020
Экология пәнін енгізуге әзірміз бе?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Каспий теңізі жағалауында итбалыққа тас лақтырған балаларды мысалға келтіріп, орта білім бағдарламасына өскелең ұрпаққа экологиялық білім беретін жаңа пән енгізуді тапсырды. Жаңа пән жаңа оқу жылында енгізіле ме? Оқулық дайын ба? Бұл пәннен кім, қандай мұғалім сабақ береді?
Коронавирус • 03 Тамыз, 2020
COVID-19: Жаңартылған статистиканың алғашқы нәтижесі
COVID-19 және пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет барынша ашық болу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады. Бұл туралы аталған ведомствоның ақпарат орталығы хабарлады.
Парламент • 03 Тамыз, 2020
Әлеуметтік дәмхана қызметкерлерімен кездесті
Парламент Сенаты Құрбан айт мерекесіне орай мұқтаж жандарға, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар отандастарымызға, індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлеріне және басқа санаттағы азаматтарға көмек көрсетуде, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Саясат • 03 Тамыз, 2020
Қоғамдық кеңестер әлеуетін тиімді пайдалану керек
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының қоғамдық кеңестерінің (ҚК) төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді.
Саясат • 03 Тамыз, 2020
Бітімгерлердің ерекше миссиясы
Қазақстандық әскери қызметшілер тобы Ливанға бітімгерлік миссия атқаруға аттанды. Бұл «Ливандағы БҰҰ-ның Уақытша күштері» миссиясының құрамында қызмет атқаруға бара жатқан төртінші бітімгерлер тобы.