Медицина • 04 Тамыз, 2019
Алматы қаласының аудандарында мобильді дәрігерлер кеңесі жұмыс істейді
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында тұрғындарды қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық айлығын бастап кетті. Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында сапалы медицинаға қол жетпейтін аумақтарда мобильді дәрігерлер кеңесі жұмыс істеуде. Қажетті құралдармен толыққанды қамтамасыз етілген жылжымалы кешендерде терапевт, балалар дәрігері, кардиологтар мен өзге де салалық дәрігерлер қызмет көрсетуде.
Руханият • 04 Тамыз, 2019
Шағын пішімдегі кітаптар көрмесі өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалтарыста қалған құнды дүниелерімізді паш етуге бағытталған маңызды шаралармен жалғасын тауып келеді. Алматыда «Ғылым ордасының» Сирек кездесетін кітаптар музейінде өткен «Кітап – баға жетпес қазына» көрмесінде шағын пішімдегі кітаптар қойылды. Көрмеге мұқабасының әсемдігімен, жұқа, қалыңдығымен емес, пішімінің шағындылығымен ерекшеленетін кітаптар сөрелерге сап тізілді.
Руханият • 04 Тамыз, 2019
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде ұйымдастырылған танымдық бағдарламалардың бірінде руханият ордасының қорында сақталған аспаптар кеңінен таныстырылды.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2019
Қаланың шет аудандарында тұрғындардың 25 % тұрады – А. Көлгінов
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 04 Тамыз, 2019
Қызылқоға ауданында қытайлық 14 азамат заңсыз жұмыс істеп келген
Атырау облысының Қызылқоға аудандық соты ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қытайдың 14 азаматын елден шығару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Azh.kz тілшісі.