Тағзым • 29 Тамыз, 2024
Ақын, тұңғыш рәмізтанушы, тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы органдарында баспасөз қызметінің қалыптасуына ерен еңбек сіңірген медиаменеджер, баспа ісін ұйымдастырушы, тіл қайраткері Ербол Шаймерденов есімін республика халқы жақсы біледі. Тірі болса, биылғы мамыр айында 70 жасқа толар еді. Рақымсыз ажал оны 59 жасқа қараған шағында алып кетті.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 29 Тамыз, 2024
Қыркүйек айының 8–13 аралығында Астана қаласында өтетін аса ірі мәдени-спорттық сайыс – V дүниежүзілік көшпелілер ойыны. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты 8 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтсе, бұдан бір күн бұрын көшпелілер ойының барлық мәдени іс-шарасы өтетін Этноауылдың ашылуы жоспарланған.
Руханият • 29 Тамыз, 2024
Абайтанудағы зерттейтін тақырып жеткілікті
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай орталықтары және абайтанудың қазіргі өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиында әр қалада орналасқан Абай орталықтары атқарып жатқан жұмыстарына есеп беріліп, хакім мұрасын зерттеп-зерделеудегі түйткілді түйіндер талқыланды. Іс-шара «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының ыждағатымен ұйымдастырылды.
Пікір • 29 Тамыз, 2024
Оқу жылы жақындаса, ата-ананы әбігерге салатын бір тірлік бар. Бұл – мектеп формасын алу. Көп адам үшін мектепке дайындық негізінен дәл осы киіндіруден тұратындай, сабаққа қажет оқу құралдарының өзі кейде кейінге ысырылып қалатындай көрінеді. Себебі қалтаны қағатыны да – баланың киімі.
Туризм • 29 Тамыз, 2024
Кегенді көпшілікке танытатын фотосапар
Кереге таулы Кеген ауданының тау-тасы мен сай-саласы тарихи шежіреге тұнып тұр. Таулы өңірдің табиғатының әдемілігін, сұлулығын сөзбен кестелеп жеткізу әсте мүмкін емес шығар. Тұмса табиғаттың көркемдігін қаз-қалпында түсіріп, танымалдылығын арттыруда осы күнгі кәсіби фотографтардың шеберлігіне шек келтіре алмасымыз анық.