Медицина • 25 Шілде, 2023
Бір донор төрт адамды құтқарып қалды
Еліміздегі ең алғашқы ағза ауыстыру операциялары 2012 жылы қолға алынып, бүгінге дейін 2 мыңнан аса отандасымыздың ағзасы ауыстырылған. Демек Қазақстанда да трансплантология жасауға машықтанған мамандар да, заманауи технологиялар бар. Алайда донорлық органдар тапшылығын әлі де жоққа шығаруға болмайды.
Медицина • 25 Шілде, 2023
Көру қабілеті нашарлағанға көмек
Жазмыштан көру қабілеті нашарлап, дертіне шипа іздеген жандардың ішінде көздің қасаң қабығын ауыстырудан басқа амал қалмаған пациенттердің үміті оянды. Америкалық технология бойынша донордың қасаң қабығын трансплантациялау арқылы науқастардың жарық дүниені қайта көруге мүмкіндігі бар.
Қоғам • 25 Шілде, 2023
Биылғы құрғақшылық жамбылдық шаруаларды алқымнан алып-ақ тұр. Жер емген диқандардың жүйкесі сыр берді. Бұған дейін байзақтық ағайын ағын судың азабын шегіп отырғанын жайып салса, енді меркілік шаруалар шу шығарды. Жанайқайын жайып салған қарапайым халық Үкімет бір амалын таппаса, шығынға батқалы тұрғанын айтып ашынды. Олар төтенше жағдай жариялануын талап етіп отыр.
Қоғам • 25 Шілде, 2023
Технологиясы жаңарған көмір кеніштері
Өткен жылы Екібастұздағы «Богатырь» және «Северный» көмір кеніштері 42 млн тонна қара алтын өндірген. Жергілікті көмір кеніштері алдағы жылыту кезеңінде еліміздің электр стансалары мен өңірлік жылу-энергия орталықтарын қажетті отын қорымен қамтамасыз етуде іркілістер болмайды деп сендіріп отыр.
Қоғам • 25 Шілде, 2023
Шаруаның жайын егінге орақ түскенде білеміз. Биылғы міндет – былтырғыдан да артық өнім алу. Әйтсе де жаздың басы салқын, аяғы ыстық болды. Оның үстіне жаңбырдың аздығы диқаншыларды біраз әуре-сарсаңға салды. Өңірде су желілерінің де ескіргенін ескерсек, фермерлердің алаңы заңды. Осыны ойлаған Үкімет қаржы бөлді, ендігі мәселе жоспарды орындау.