Өнер • 04 Шілде, 2022
«Қыздар, қыздар... » әні қалай өмірге келді?
Екі мыңыншы жылдардың бас кезінде «Қыздар, қыздар…» әні жарқ ете қалғанда сазы мен сөзі үйлесе кеткен ғажап шығарманы өнерсүйер қауым жылы қабылдағаны әлі есте. Бұл әннің шыққаны кеше ғана сияқты еді. Қазір қарап отырсақ, лирикалық туынды да ретроға айналып үлгеріпті…
Әдебиет • 04 Шілде, 2022
«...Махаббатыма маңдайды сүйеп өлемін»
Уақытпен санаспай, не көрді, нені сезініп, түйсінді сол сезімдерді дер кезінде қанын сорғалатып бере алған, дүн-дүниенің астарына жандүниесімен үңіле алған ақын уақыттың өзіне айналары сөзсіз. Оның терең түйсікті жырлары соны айтып, еске салып қана қоймай, дәлелдеген сияқты.
Әдебиет • 04 Шілде, 2022
Тоғай-тоғай су екен, судан ұшқан бу екен. Қарсақ жортпас қалың екен, түлкі жортпас түлей екен. Әлқисса, Кішкентай ханзада екеуміз ұшы-қиырсыз жолға шықтық. Мен де, ол да ұшуды арман еттік. Барлық жаратылыс атаулы жұмбақ, құпия, дымын ішіне тартқан түнгі теректердей көрінетін. Әр ғаламшарға сапар шегіп, әр адамның жан сарайына үңілдік.
Экология • 04 Шілде, 2022
Алакөл – еліміздің інжу-маржаны. Көрер көзге көркем көкпеңбек көл беті көңілді қытықтап, айдыннан ескен ақ самал жан-дүниеңізге айрықша барақат сыйлайды, ақ жал толқынға жанай ұшқан ақ шағалалар сезімді қытықтайды, күн қыздырған құмның ыстығы сүйегіңізге дейін сіңіп бойды балқытады, жеңіл ғана тұзды су сансыраған сананы да, қалжыраған тәнді де сергітеді. Аз күнде құр аттай қунақ қағып, күш-қуат жинап шыға келесіз. Бұл – Тарбағатай мен Барлық жоталарының, Тоқта тауының ортасындағы табиғаттың тамаша тартуы.
Күрес • 04 Шілде, 2022
Биылғы жылдың «Барысы» – Исағабылов
Өткен жексенбіде Нұр-Сұлтандағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Қала күніне орайластырып ұйымдастырылған қазақ күресінен 11-ші «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық кезеңі мәресіне жетті. Еңселі елорда төрінде өткізілген балуандар бәсекесінде әр өңірдегі іріктеу кезеңдерінде оза шапқан 36 балуан бақ сынады.