Аймақтар • 26 Шілде, 2023
Құмды жағаны жайлаған Сарыбел ауылының бүйір тұсындағы ғажайып сарқыраманы былайғы елді қойып, жергілікті жұрт та біле бермейді екен. Білмесе білмейтіндей, көзге көрінбейді. Сызылып аққан бұлақ қазаншұңқырға қарай құлап жатыр. Сарқырауы да талып естіледі. Бірақ ғажап көрініс.
Шахмат • 26 Шілде, 2023
3-8 тамыз күндері Ақтауда мектеп оқушылары арасында шахмат тарихында алғаш рет «World Schools Team Championship» жарысы өтеді. Қарт Каспийдің жағалауында ұйымдастырылатын әлем біріншілігінің басты ерекшелігі, жаһандық додаға шахмат үйірмелері мен секцияларының тәрбиеленушілері емес, шахматты ұнататын әуесқой мектеп оқушылары ғана қатыса алады.
Аймақтар • 26 Шілде, 2023
Екібастұз стансасы сынақтан өтеді
Екібастұздың жылу-электр стансасындағы күрделі жөндеу жұмыстары облыс басшылығының ғана емес, үкіметтегілердің де қатаң қадағалауында тұрғаны мәлім. Орталықтағы жабдықтарды жамап-жасқау шараларына 250 адам жұмылдырылған. Бүгінде олар алғашқы кезеңге жоспарланған жөндеу жұмыстарының шамамен 40 пайыздайын еңсерді.
Экономика • 26 Шілде, 2023
Астық тасымалы: Өзекті мәселесі мен келешегі
Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесуінде Қазақстанның осы салада Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты кеңейтуіне мол мүмкіндігі бар екенін айтып: «Еліміз дәнді және майлы дақылдар мен жоғары сапалы органикалық өнімдер экспортын арттыруға дайын» деген еді. Бірақ диқанның еңбек өнімін дер кезінде экспорт пен ішкі нарыққа жеткізетін тасымал әлеуетіміз қаншалықты қуатты? Соны зерделеп көрелік.
Қоғам • 26 Шілде, 2023
Букмекерлік кеңселерге бұғау салына ма?
Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жоюды көздеп отыр. Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды.