Сұхбат • 05 Шілде, 2022
Ұлы Мұхтар Әуезовтен тәлім алған, «Алыптар тобынан» кейінгі әдебиетке келген тегеурінді толқынның өкілі, қазақ прозасына психологиялық қатпары мол, реалистік көркем шығармаларымен қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сөз зергері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы С.Шаймерденов көзі тірісінде газет тілшісіне берген бір сұхбатында: «Халық алдындағы жауапкершіліктің не екенін сезінбеген жазушының жолында қатер көп: арзан атақ-данқ, жалған бедел, биік мінберге орай жазылған көркемдігі жалған плакат шығармалар... Бұның бәрі сөз өнерін жоққа шығаратын әзәзіл жол», депті. Осы орайда қаламгердің туғанына биыл 100 жыл толуына байланысты жазушының қолында өсіп, тәрбиесін көрген бауыр – баласы, белгілі журналист Сайын Есмағимен жүргізген сұхбатты ұсынып отырмыз.
Тарих • 05 Шілде, 2022
Ескерткіштер – елдің өткені де, ертеңі де
Алматыда Ғылым ордасында Ақтөбе облысындағы Алмат тамы кесенесі мен Досжан хазірет кешеніне (мешіт, кесене, медресе, тұрғын үйлер) жүргізілетін реставрация жұмыстарын талдау жөнінде ғылыми-әдістемелік кеңес өтті. Бұл жиында өңірдегі ескі тарихи сәулет ғимараттарын қалпына келтіру мен консервациялауға қатысты күрделі мәселелер де айтылды. Өңірде мамандардың тапшылығы, реставрациялау мен консервациялау жұмыстарында орталықтағы ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін басшылыққа алуды қажет етеді.
Өнер • 05 Шілде, 2022
Бозарған түн. Боз үміт. Балауса таң
Біздің жұрт бүгінге дейін өкіре жылап, өкси жоқтап жүрген байырғы ән әлемі анау-мынау пәлекеттен ада еді. Бүгінгі бәлду-бәлду әуендер мен бәкін-шүкін музыкалармен шытырманы, шатағы жоқ. Көнеусіз айғай, тежеусіз дабырамен де. Оңай жазылған, оңай тыңдалады. Жазығы сол, қалай айтылса да қайтып келмес кеңестік өнер жүйесіне қатысы болғаны. Ескі ертегіні жаңа заманға бұйдалап әкелгенімен оқиға желісі оқшауланып тұрады екен ғой. Оның үстіне онда қарапайым қазақтың зердесі мен жастық шағының бояуы болса, алыстан-ақ танисыз.
Өнер • 05 Шілде, 2022
Шығармашыл жандардың өнері мен өмірі туралы сөз қозғай қалсақ, «жұлдызы жанды» деп жиі айтамыз. Талантты тағдыр түнгі аспанды сызып өтіп, жұлдыздай ағып түсті дейміз. Сонда бұл нені білдіреді? «Талант – бақыт, талант – шаттық, талант – рахат» деген шын өмірде де солай ма? Ақын-жазушы, композитор, суретші, мүсіншілердің өнері бар ғұмырына жетерлік жақсылық, яки бір игілік сыйлай ала ма? Егер олай болмаса, өнермен өмір сүріп не керек? Ал көзіңнің тірісінде бұйырмаған атақ, ақша, абыройдың өлгеннен кейінгі құны қанша?
Спорт • 05 Шілде, 2022
Су спортынан Мажарстанның бас шаһары – Будапештте өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған спортшылар 17 күн бойы жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, ватерпол және синхронды жүзу секілді спорт түрлері бойынша 74 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бақ сынаушылар қатарында 2016 жылы Рио және 2021 жылы Токиода алауы тұтанған жазғы Олимпия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтардың қалың шоғыры болды.