Қоғам • 06 Шілде, 2022
Мерейтойы туған жерінде атап өтілді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Қазақ университеті» баспа үйінің бас редакторы, белгілі ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Кәдірбек Құныпияұлының 60 жасқа толуына орай, туған жері Кеген ауданында шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов, «Рухани жаңғыру» орталығының директоры, жазушы Нұрғали Ораз және қаламгерлер мен өнер қайраткерлері қатысты.
Спорт • 06 Шілде, 2022
Іріктеудің екінші кезеңіне өтті
Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы 2023 жылы өтетін Әлем кубогының бірінші іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, екінші айналымға жолдама алды.
Қоғам • 06 Шілде, 2022
Павлодарда алғаш рет егіздердің фестивалі өтті. Қызықты шарада үшемдер де төбе көрсетті. Тұрғындар ерекше жандардың отбасылық мерекесін тамашалау үшін алыс-жақыннан ағылды.
Үкімет • 05 Шілде, 2022
Тұрғын үй саясатының тың тәсілдері
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру болды. Бұл мәселе туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, сондай-ақ бірқатар өңір әкімі баяндама жасады.
Қоғам • 05 Шілде, 2022
Кітапхана қызметінде жұмыс істейтін жас мамандардың жалақысы 65 мың теңге. Лайықты еңбектің қайтарымы болмағандықтан, жастар бұл саладан кетуге мәжбүр. Бұл туралы Семейдегі Абай атындағы кітапхананың қызметкерлері өңірге келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Әмірхан Рахымжанов пен Жанат Омарбековамен өткен кездесуде айтты.