Аймақтар • 06 Шілде, 2022
Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады
Бүгінде ғаламдық технологиялық үдерістердің нәтижесі білікті мамандар көрсеткішіне байланысты айқындалуда. Осы орайда ел экономикасындағы сапалық көрсеткіштерді арттыруда стандарттау және метрология мамандарына қойылатын талаптар күшейіп келеді. Сәтбаев университетінде ашылған KazStandard Academy халықаралық талаптар үдесінен шыға отырып, ел нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлау ісіне басымдық беріп отыр.
Өнер • 06 Шілде, 2022
Бір жылдары Google «қарағымның» есебінше, үздік ремикс бойынша атақты «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкенов ең көп ізделетін әлемдік тұлғалар қатарында көш бастап тұрғаны туралы мәлімет тараған. «Мен қазақтың баласы» деп бөрікті аспанға ататындай-ақ жаңалық. Мәдениет пен өнердегі құндылықтар осылай рейтинг арқылы есептелетін уақыттың перзенті үшін, әрине, айтулы көрсеткіш. Ал дүниеге мәңгілік көркем өнер көкжиегінен, ғұлама, кемеңгерлердің көзімен қарайтындар үшін қабылдана қоюы қиын-ау, сірә.
Футбол • 06 Шілде, 2022
«Ордабасы» көшбасшылар қатарына қосылды
Ұлттық құраманың Ұлттар лигасындағы ойындарына байланысты уақытша тоқтатылған футболдан ел чемпионаты араға үш тур салып тағы да үзіліске шықты. ҚПЛ бәсекелері бұл жолы қазақстандық командалардың Еурокубоктағы және ел кубогындағы ойындарына байланысты тоқтатылды. Тамыздың екінші жартысына дейін созылатын уақытша үзілісті пайдаланып, клубтардың кешегі күнге дейінгі турнир кестесіне шолу жасап көрген едік.
Теннис • 06 Шілде, 2022
Тұңғыш рет ширек финалда ойнайды
Ұлыбританияның астанасы – Лондонда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы ең маңызды төрт жарыстың бірі – «Уимблдон» турнирінде бақ сынап жатқан Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет аталған бәсекенің ширек финалына шығып, өз жанкүйерлерін қуантты.
Қоғам • 06 Шілде, 2022
Жасым 82-де. Айтайын дегенім, Оңтүстік аймақтарда Мұхаммед (с.ғ.с) айтқан «Сауаптың ең үлкені мешіт, медресе салған» деп мешіт пен медресе құрылысын аяқтау үшін ақша сұраған, демеушілік өтінген сұрампаздар көбейіп кетті.