Елорда • 06 Шілде, 2022
Егер әр қаланы жеке адам ретінде қарасақ, онда елорда жас мөлшерімен бозбала болып танылар еді. Қаншама ұрпақ мойнына бұршақ салып тілеген, әрбір тамыры үшін бабалары шаһит кешіп жаннан түңілген шежірелі бозбала. Рухында үміт пен сенімнің, мехнат пен арпалыс жолдың табы қалып ерте есейген бозбала.
Аймақтар • 06 Шілде, 2022
«Кирпич СК» зауыты – Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Подгорное селосына орналасқан тәулігіне 150 мың кірпіш шығаратын озық өндіріс. Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода осы жылдың мамыр айында іске қосылған осы кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Елорда • 06 Шілде, 2022
Ұлт саулығын ұлықтаған мегаполис
Биыл сәуірде ел аумағында бас-аяғы 31 415 нәресте дүниеге келсе, соның 2 407-сінің кіндігі елордада кесілді. Әрине, қолайлы орта, жағымды жағдай жасалған жерде адамзат баласы өсіп-өнеді. Бұл ретте астанада 2,5 мыңға жуық баланың шаңырақты шаттыққа бөлегеніне қарап, бас қалада бақуатты өмір сүру үшін барынша жағдай жасалғанын байқауға болады. Әсіресе Нұр-Сұлтан қаласында медицина саласы дамудың даңғыл жолына түсті.
Елорда • 06 Шілде, 2022
Қас-қағым сәтте бір қадасын қағып үлгеретін бас шаһардың бүгінгісі ертеңіне ұқсамайды. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері Сарыарқа төсіне көшірілген сәттен бастап, Қазақ елінің тағдырын айқындайтын, келешегін жарқын ететін елдік маңызды мәселелер елордада қабылдана бастады. Қаланың тұрғындары бастапқы сәтте небәрі 200 мыңдай болған еді.
Театр • 06 Шілде, 2022
Кез келген өнер тыңдаушысымен, оқушысымен, көрерменімен қымбат. Театр да солай. Естеріңізде болса, аз уақыт бұрын «Астана Опера» театры көрерменмен етене жақын араласуға һәм шығармашылық орта құруға бағытталған арнайы «Достар клубы» жобасын бастаған еді. Бүгінде театр қабырғасындағы тың жобаға қызығушылар мен қатысушылар көбейіп келеді. Әсіресе елорда тұрғындары аса белсенді. Сондай-ақ көрерменге театр тынысынан хабар беретін игі жобаны дамытуға, қолдауға дайын компания өкілдері, оның ішінде шетелдіктер де қосылуда.