Тарих • 02 Шілде, 2019
Биыл ұлтымызға қызмет етудің ұлық үлгісін көрсеткен, сонысы үшін қызыл империяның қасап қырғынына ұшыраған Алаштың ардақты ұлдарының бірі, мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толып отыр. Әрине, Тұрар туралы, оның бүгінгі «Егемен» – кешегі «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасағаны және басқа да қайраткерлік қызметі туралы көп жазуға болады. Біз бүгінгі мақаламызда оның бұрын аса айтылмаған қыры – жасырын ұлттық ұйымдармен байланысы туралы әңгімелеуді мақсат еттік.
Әлем • 02 Шілде, 2019
Атамбаевты мәртебесінен айырды
Көрші Қырғыз Республикасында былтырдан бері жалғасып келе жатқан саяси текетірес жаңа деңгейге шыққандай. Нақтырақ айтсақ, 27 маусым күні қырғыз Парламенті Жогарку Кеңеш елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтан экс-президент ретіндегі ерекше қол сұғылмау мәртебесін алып тастады. 109 депутаттың 103-і Атамбаевқа қарсы дауыс берді. Парламент қаулысы бірден Бас прокуратураға жолданды. Тегін емес. Прокурорлар экс-президентке қарсы бірнеше қылмыс бойынша айып тағуы мүмкін.
Қоғам • 02 Шілде, 2019
Білім және ғылым министрлігі 3-6 жастағы балалардың 95 пайызы мектепке дейінгі ұйымдармен (МДҰ) қамтамасыз етілгенін айтады. Ал ата-аналар балабақшаға қол жеткізе алмай жүреді. Оның себебі неде?
Аймақтар • 02 Шілде, 2019
17 секторда қызу жұмыс басталды
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен үйлер мен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
Аймақтар • 02 Шілде, 2019
Қалада апаттан зардап шеккен тұрғындарға, әсіресе балаларға гуманитарлық көмектен тыс, психологиялық көмек көрсетілуде. Алғашқы күннен бастап 180 ерікті практик-психологтар мен педагог-психологтар Арыста жүр.