Ғибрат • 23 Маусым, 2025
Тоғыз адамды өлімнен құтқарған полицей
Бүгін, 23 тамыз Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар адамдарды небір қауіп-қатерден де құтқарып келеді. Сондай полицейдің бірі – Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық полиция бөліміндегі учаскелік полиция инспекторы Медет Асқаров. Бірнеше жыл ішінде үш ерлік жасап, тоғыз адамға екінші өмір тарту еткендіктен ел ішінде оны «супермэн, қаһарман полицей, суперполицей» деп ерекше құрметпен атайды екен. Ол – суға кеткендерді құтқарып, жол-көлік оқиғасы кезінде адамдарды аман алып қалған және лаулаған оттың ішіне именбей енген батыр.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Ержан Саденов: Заңға құрмет өмір салтына айналуы тиіс
Әрбір адам өз қауіпсіздігіне және жақындарының амандығына сенімді болғысы келеді. Жұмысқа кеткен ата-ана баласының үйіне аман-есен жетіп, қауіпсіз ортада болғанын қалайды. Автобуста қалта ұрыларының құрбанына айналмауға, кешкі уақытта қылмыскерлердің құрығына түсіп қалмауға немесе мас күйде жүрген адамдарға тап болмауға тырысады. Бұл үшін полиция қандай шаралар қабылдап жатыр? Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін тек жазалау шаралары жеткілікті ме? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов Polisia.kz порталына берген кең көлемді сұхбатында жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Павлодар тас жолдарында көлік апаты жиілей түскен
Ертіс-Баян өңірінде жыл басынан 384 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 25 адам жазатайым жағдайда мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Абай облысында жер сілкінісі тіркелді
2025 жылғы 23 маусымда Абай облысында магнитудасы 4.0 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Астанада бойжеткенді бұрынғы жігіті пышақтап өлтіріп кеткен
Астанадағы Millennium Park тұрғын үй кешенінде 22 маусым күні кешке ауыр қылмыс жасалды. 21 жастағы ер адам бұрынғы қызына шабуыл жасап, оны пышақтап өлтірді. Оқиға барысында марқұмның кәмелетке толмаған інісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «kriminal kazakhstan» арнасына сілтеме жасап.