Қоғам • 18 Маусым, 2025
Әлеуметтік жәрдемге байыппен қараған жөн
Елімізде халықты әлеуметтік қолдауға қатысты ұлан-асыр жұмыс жасалып жатыр. Әсіресе өздігінен үй сатып ала алмайтын жеңілдетілген санаттағы азаматтарға деген жанашырлық айрықша. Көптеген адамдар белгілі бір тәртіппен кезекке тұрып, баспанаға қол жеткізіп келеді.
Пікір • 18 Маусым, 2025
Өткен жылы Қазақстан мен Қытайдың туризм саласындағы ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді. Отандық туризмнің Қытайдағы жылы тек рәміздік бастама емес, екі ел арасындағы гуманитарлық және экономикалық байланысты нығайтудың нақты құралына айналды. Бұл кезеңде мәдени дипломатия, өңірлік бірлескен күш-жігер негізінде ауқымды жұмыс жүргізілді.
Отбасы • 18 Маусым, 2025
Отбасындағы тәрбие – басты негіз
Әлеуметтік мәселелердің ішінде жасөспірімдердің ерте жүктілігі, ерте жыныстық қатынас тақырыбы бала тәрбиелеп отырған барлық ата-ананы ойландырады. Бұрын талқыға түсе бермейтін «жыныстық тәрбие», «жыныстық сауат» ұғымы қоғамда жиірек айтыла бастады. Ойнап жүріп от басқан жасөспірімдердің жағдайы жүрек ауыртады.
Заң мен Тәртіп • 18 Маусым, 2025
Құқықтық сауат деңгейін арттыру – уақыт талабы. Заң нормаларын білу – әрбір азаматтың құқығын қорғаудың негізі. Осы орайда елімізде жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан «Халық заңгері» республикалық акциясы ерекше маңызға ие. Бұл алғаш рет 2013 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында өтті. Бұл бастаманың негізін қалаған – заңгер Михаил Кленчин, ал қолдау көрсеткен – «Параграф» ақпараттық жүйесі.
Пікір • 18 Маусым, 2025
Сенімді тереңдететін интеграция
Қазіргі таңда Орталық Азия – Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасының басты стратегиялық бағытына айналды. Бұл бастама аясында Қытай өңірдің инфрақұрылымдық және өндірістік салаларына ауқымды инвестициялар салып жатқаны бекер емес. Аймақтағы бес мемлекет те Қытайдың ресми стратегиялық серіктесі болуы – жаһандық геосаясаттағы сирек кездесетін айрықша жағдай.