Үкімет • 19 Маусым, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өткізді.
Үкімет • 19 Маусым, 2025
Ішкі жалпы өнімнің өсу қарқыны байқалады
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда мемлекеттік саясаттағы маңызды мәселелер, еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болатын республикалық бюджеттің атқарылуы жайы қаралды. Отырыста депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның өткен жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін тыңдады.
Талбесік • 19 Маусым, 2025
Темір орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі – жасанды орман өсіріп, қорғау жұмыстарымен айналысатын өңірдегі тоғыз шаруашылықтың бірі. Алдағы уақытта атқарылып жатқан шаруа өз нәтижесін беріп, Темірдің айналасы қалың тоғайға айналады деген сенім басым.
Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025
Қаржы пирамидасының жолы кесілді
Елімізде жылдан-жылға қаржы пирамидаларының саны көбейіп барады. Олар адам кіргізсең, жылдам табыс табасың деп халықты алдап, сеніміне кіріп, бар ақшасын қағып алып жатыр. Сондай қылмыстық ұйымның бірі Шымкентте де пайда болды. Ол – атышулы «Назира голд» қаржы пирамидасы. Қаншама адамды сан соқтырған алаяқ қазір бес сыбайласымен бірге қамауда отыр. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Алмас Манатұлы айтып берді.
Мәселе • 19 Маусым, 2025
Мұнайлы Атырауда да өкпек желмен сусыған құм көшкіні бар. Бірнеше елді мекен тұрғындарын құм басу қаупінің артқаны алаңдатады. Құм көшкінінен төнетін қауіп Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой ауданының ауылдарында басым болып отыр.