Қоғам • 19 Маусым, 2025
Экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды
Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев KazPan сэндвич-панелдерін өндіретін зауытты аралап көрді
Президентке кәсіпорын Kindus оңтүстіккореялық өндірісінің жоғары технологиялы автоматтандырылған желісімен жабдықталғаны жөнінде баяндалды. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін өнім шығара алады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 19 Маусым, 2025
Елімізде балаларды емдейтін 75 оңалту орталығы бар
Бүгінде Қазақстанда 75 балаларды оңалту орталығы жұмыс істейді, олардың төсек қоры екі есеге – 4 мың орынға дейін ұлғайтылды. Өңірлерде 3 жасқа дейінгі балаларға арналған 19 ерте араласу орталығы ашылды. Бұл туралы сала министрлігіне қарасты Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту басқармасының басшысы Майра Бейсен бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 19 Маусым, 2025
Мұнай-газ химия саласы бойынша ауқымды жоба іске қосылды
17 маусымда Қазақстан мұнай-газ химия саласын дамыту бойынша ауқымды бағдарламаны іске қосты. Алты ірі жобаны жүзеге асыруға шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады. Power Central Asia + China форумында таныстырылған бұл стратегиялық бастама 19 000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашып, елдің шикізат экспортынан жоғары қосылған құны бар жоғары технологиялық өнімдер өндірісіне көшуін білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025
Шымкент соты дәмханаларға қатысты шешім шығарды
Шымкент қаласында сот шешімімен кезінде заңсыз жекешеленіп кеткен жерлер мемлекетке қайтарылып, ал ондағы құрылыс нысандары сүріліп жатыр. Мәселен қаланың қақ ортасындағы «Қиял әлемі» саябағы мемлекетке өтіп, ондағы коммерциялық нысандар заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.