Әлем • 23 Мамыр, 2023
Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Моңғолиядан келген 15 стартап Кремний алқабында бес апталық «Hero Training» бағдарламасы бойынша оқуды бастады. Олар «Astana Hub» және «Draper University» халықаралық технопаркінің «My Ventures»-пен серіктестікте бірлескен преакселерациялық бағдарламасының нәтижелері бойынша іріктеліп алынған.
Елорда • 23 Мамыр, 2023
Астанада киіктер туралы алғашқы ғылыми-танымдық мәліметтерді қамтитын «Aqboken Saiga tatarica» атты фотоальбомының таныстырылымы болды.
Музей • 23 Мамыр, 2023
Көне тарихтың шырақшысы болу оңай шаруа емес. Жергілікті жердің мәдениеті мен руханиятын қолайы келген жерде паш етіп, көпшілікке тарих қойнауындағы жақұттарымыздан там-тұмдап болса да пайдалы ақпарат жеткізе білсе, музей қызметкері үшін сол – бақыт. Кез келген музейде көрмеге жарқыратып қойған жәдігерлерден бөлек, қордағы заттарды, ескі қолжазбалар мен бұйымдарды сақтаудың машақаты мол екенін былайғы жұрт қайдан білсін.
Алматы • 23 Мамыр, 2023
Біртуар әдебиеттанушы ардақталды
Жақында Алматыдағы Мұхтар Әуезов мұражай-үйінің мәжіліс залында аса көрнекті әдебиетші ғалым, сыншы, абайтанушы, әуезовтанушы Айқын Нұрқатовтың 95 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Пәни дүниеде 35 жыл ғана жасаса да, артына соншалықты мол әрі мәйекті мұра қалдырған айтулы әдебиеттанушыны ардақ тұтқан келелі жиынның өтуіне М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мұрындық болғанын айту ләзім. Конференцияны ашқан аталған институттың директоры, филология ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент-мүшесі Кенжехан Матыжанов әрі қарай модераторлық тізгінін ұстады.
Спорт • 23 Мамыр, 2023
Бахрейннің астанасы – Манамада волейболдан ерлер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты өз мәресіне жетті.