Қоғам • 24 Мамыр, 2023
Дала дидарына кіреуке түспесе...
Көз ұшына қара ілінбейтін Жақсының жалпақ даласында жанға жайлы самал есіп, мың сан гүлдің хош иісі кеудеңді кернеп тұрар еді. Бүгінде ауа ластанып, дала бейберекет шашылған өлексенің қолқаны қабатын иісімен демігіп тұр.
Әлем • 24 Мамыр, 2023
Қазақ әні корей көгінде әуеледі
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында ашық аспан астындағы сахнада қазақтың әні мен биі орындалды. Іс-шара халықаралық мәдени фестиваль аясында өтті.
Хоккей • 24 Мамыр, 2023
Төртінші мәрте элиталы топта ойнайды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы келесі жылы да элиталы дивизионның әлем чемпионатында өнер көрсететін болды. 57 жастағы отандық маман Ғалым Мәмбеталиев жетекшілік ететін біздің құрама Тампере (Финляндия) мен Ригада (Латвия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің топтық кезеңінде тәуір нәтиже көрсетіп, 2024 жылы Чехияда жалауы желбірейтін жаһандық додаға қатысу мүмкіндігін сақтап қалды. Жерлестеріміз Ригадағы бәсекенің соңғы турында Словения хоккейшілерін 4:3 есебімен тізе бүктіріп, чемпионаттағы жетінші ұпайына қол жеткізді.
Спорт • 24 Мамыр, 2023
Дохадағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Өкінішке қарай, сол жарыста Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетіп, сенім артқан серкелеріміз өз жанкүйерлерін жерге қаратты. Соның салдарынан рейтингтегі нәтижеміз де төмендеді. Қазіргі кезде отандастарымыздың арасынан тек Әбиба Әбужақынова ғана ТОП-10-дыққа еніп отыр. Ал қалған балуандар қалың топтың қатарында жүр.
Үкімет • 23 Мамыр, 2023
Өңірді өркендетудің өзектілігі
Парламент Сенатында Мәулен Әшімбаев Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесті өткізді. Басқосу барысында сенаторлар мен мәслихат депутаттары Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын міндеттерді талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындады.