Экология • 24 Мамыр, 2023
Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінің тұрғындары осыдан 8 жыл бұрын іске қосылып, көпке ұзамай жұмысы тоқтап қалған қоңыр көмір кенішінің зардабын тартып отыр. Жер қойнауын игерушілердің, дұрысы ұқсатып игере алмағандардың кесірінен елді мекеннің іргесіндегі шұрайлы жайылым жұтап, ежелден жерге қуат беріп, малға суат болып келген өзен-көл құрғап қалған.
Шаруашылық • 24 Мамыр, 2023
Өңір диқандары бір күні жылға азық болатын, қарбаласы мол, қауырт, жауапкершілігі де жоғары көктемгі егіс науқанына кірісіп кетті. Көктемде жауған жауын алқап төсіне сіңірілген дәннен бұрын жерді емген диқандардың көңілін көктетіп тұр.
Тарих • 24 Мамыр, 2023
Омбы қазақтарының майдандағы ерлігі
Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына, міне, 78 жыл өтті. Отты жылдар мен қан майдан куәгерлерінің көбі бүгінде өмірде жоқ. Ел басына қиын-қыстау күн туғанда белді бекем буып, ешбір қауіп-қатерден қаймықпай ерен ерлік танытқан азаматтарымыз қаншама? Сондықтан сұрапыл соғыс жылдары қаза болған, жоғалып кеткен сарбаздарды анықтап, мұрағаттық-іздестіру жұмысымен жүйелі айналысудың маңызы зор. Мұндағы мақсат – үзіліп қалған ұрпақ сабақтастығын жалғау, тарихымызды түгендеу, жас ұрпаққа ата-баба рухына деген адалдықты қалыптастырып, ерекше құрмет көрсету.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2023
Ахмет Мәметовке құлпытас қойылды
Кеңестік репрессия жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырап, атылып кеткен арыстарымыз аз емес. Олардың көпшілігінің соңғы мекені – зираты да белгісіз. Осындай аяулы азаматтың бірі Ахмет Мәметов болатын.
Қоғам • 24 Мамыр, 2023
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Тілеуғали Қышқашбайдың «Қазақ өнер әлемі» атты монографиясының тұсаукесері өтті.