Қоғам • 24 Мамыр, 2023
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада аудармашы Рымбала Смайыловамен кездесу өтті. Іс-шара барысында жазушы-драматург Нұрайна Сәтбаеваның «Әлканың күміс тұмары» кітабының қазақша нұсқасы таныстырылды.
Сұхбат • 24 Мамыр, 2023
Өткен жылы Жанкент археологиялық экспедициясының барлау тобы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан Адам ата кешеніне зерттеу жүргізген еді. Археологтар құм қойнауынан өткен тарихтан дерек беретін бірталай мұра қазып алып, зерттеуге кірісті. Ежелгі Қуаңдария бойындағы кешеннен табылған жәдігерлер ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Басты олжа – ертедегі ғалымдардың «Сырдың бойында Түркістанда туып, 1693-1748 жылдар аралығында ғұмыр кешкен атақты хан, қаһарман қолбасшы Әбілқайырдың ордасы болған» деген пікірін тірілтуге тиянақ боларлық деректер ұштығының шыққаны. Бұл туралы экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжекеевтен сұрадық.
Аймақтар • 24 Мамыр, 2023
Әулиеатада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Ән-жырым саған, туған ел!» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
Сенат • 24 Мамыр, 2023
Шағын және орта бизнес – маңызды сала
Сенаттың «Өңір» депутаттық тобы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және кәсіпкерлермен кездесті.
Кәсіпкер • 24 Мамыр, 2023
Бөдене өсіру – берекелі бизнес
Жетісу өңірінде бөдене шаруашылығы – берекелі кәсіптің бірі. Бүгінде өңірде құс баптаумен онға жуық шаруа иесі айналысады. Соның бірі – «Сәлем-Құс» ЖШС бас директоры Сымбат Серікқожаев. Ескелділік кәсіпкердің 120 мың бөдене өсіріп отырған үлкен фирмасы бар. Өзі тұратын Ешкіөлмес ауылының тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Бұл игілікті іс шағын елді мекеннің шырайын келтіріп тұр.