Теннис • 24 Мамыр, 2023
Алдағы жексенбіде Парижде «Үлкен дулыға» санатына кіретін жарыстардың бірі – Ролан Гарростың шымылдығы түріледі. Жүлде қоры 49 600 000 еуроны құрайтын дүбірлі додада әлемнің барлық мықты теннисшілері бақ сынайды. Солардың қатарында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик сынды Қазақстанның ең үздік ойыншылары да бар. Олар турнирдің негізгі бөлігіне бірден жолдама алды. Ал Тимофей Скатов іріктеу сайыстарына қатысып жатыр. 10 маусымға дейін созылатын аса жауапты жарыста жерлестерімізге сәттілік тілейміз.
Құқық • 24 Мамыр, 2023
Ел аман, жұрт тынышта балалар майып боп жатыр. Тал түсте терезеден құлаған бала туралы хабар көп. Мәліметтерді парақтасаңыз, жан түршігеді. Мәселен, 2021 жылғы жарияланған деректе соңғы бес жыл аралығында елде 150 бала биіктен құлап көз жұмыпты. Жас шамалары – екі жас пен бес-алты жас аралығы. Мамандар бұл оқиғалардың 2010 жылдан бері белең алғанын алға тартады.
Төтенше жағдай • 24 Мамыр, 2023
Алтайдағы өрт: Қауіптің беті қайтып келеді
Мамыр айының 22-сі күні Ресей Федерациясының Алтай өлкесіне қарасты Локтев ауданы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануынан басталған өрттің Абай облысының аумағанына өтіп кеткені барлық күштік құрылымдардың жұмыла кірісуіне түрткі болды. Екі тәуліктен бері бет қаратпай тұрған қызыл жалын Бородулиха ауданындағы алқаптарға жайылды. Қазіргі уақытта Абай облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағында өртті сөндіруге барған құтқарушыларға көмек көрсетіп жатыр.
Бокс • 24 Мамыр, 2023
Петропавл қаласында мамырдың 16-21 күндері қыздар арасында бокстан VI жазғы республикалық спартакиада аяқталды. Өте тартысты өткен жарысқа еліміздің барлық өңірінен 17 команда қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар анықталды.
Елорда • 24 Мамыр, 2023
Астана күніне орай авторлар арасында үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі Астананың дамуы туралы сюжеттер байқауы жарияланды.