Туризм • 24 Мамыр, 2023
Арқаның кербез сұлу Көкшетауын тамашалағысы келіп, жер-жерден ағылатын жұрттың қатары жыл сайын артып келеді. Былтыр курорттық аумаққа 711 мыңнан аса адам келіпті. Биыл туристер саны бұл межеден де асып түсуі мүмкін. Бұл ретте демалушылардың да қауіпсіздігін, тұмса табиғаттың да бүтіндігін қамтамасыз ету аса маңызды. Мұндайда «ақылды», яғни смарт жобалардың тигізетін септігі мол.
Туризм • 24 Мамыр, 2023
Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы филиалында қытайлық Нанкин туризм және қонақжайлылық институтының делегациясымен кездесу өтті. Екі тарап туризм саласы бойынша өзара ынтымақтастыққа қол қойды.
Туризм • 24 Мамыр, 2023
Шетелге шығасыз ба немесе турлардың құны қалай өзгерді?
Жаз – жұртшылықтың жаппай еңбек демалысына шығатын шағы. Кішкентайлардың да каникулы басталып, үйге сыймай кететін кездері емес пе? Шіркін, шетелге шығып демалып қайтса ғой деп қиялға еріксіз берілесің... Елдегі демалыс орындары аузы-мұрнынан шығып, қайда бармасаң да сеңдей соғылысқан нөпір халық. Қызметі мен құны туралы әңгіме тіпті бөлек. Сыртқа саяхаттауға қалта көтере қояр ма екен деп тағы қорқасоқтайсың. Осы орайда «Freedom Life» ӨСК мамандары туристік компаниялардың ұсыныстарын зерттеп, осы жазда шетелде демалу құны отандастарымызға қаншаға түсетінін анықтауға тырысқан екен. Енді осы мәліметтерге бір сәт назар аударып көрсек.
Спорт • 24 Мамыр, 2023
Қырғыз бен қазаққа ортақ ұл еді
1-4 маусым күндері Қырғызстанның астанасы – Бішкекте күрес түрлерінен үшінші әлемдік рейтингтік турнир өтеді. Келесі жылы Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпайлар берілетін байрақты бәсекеде көптеген мемлекеттен келген белді балуандар бақ сынайды. Солардың қатарында Қазақстанның ұлттық құрамасы да бар.
Хоккей • 24 Мамыр, 2023
Шайбалы хоккейден Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қалаларында өтіп жатқан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан құрамалар белгілі болды. Элиталы кезеңнің топтық кезеңінде бақ сынаған 16 команданың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз құрама әлемдік доданың ширек финалына жолдама алады.