Экономика • 04 Мамыр, 2020
Көктемгі егіс науқанына – 100 млрд теңге
Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлттық банк «ҚазАгро» ҰБХ-ның еншілес ұйымы «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ мен екінші деңгейлі банктерді қорландыру үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының аясында егістік компаниясын жүргізуге қосымша 100 млрд теңге бөлді.
Бокс • 04 Мамыр, 2020
Қарт құрлық та қазақтарды жақсы біледі
Осыдан дәл 95 жыл бұрын, яғни 1925 жылдың 5-7 мамыры күндері Швецияның астанасы – Стокгольмде бокстан ерлер арасындағы Еуропа чемпионатының тұсауы кесілді. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жарыста 10 елден келген 46 былғары қолғап шебері бақ сынады. Жалпы есепте алты жүлде (3 алтын+2 күміс+1 қола) алған ринг қожайындары көш бастаса, одан кейінгі орындарға Англия (2+3+0), Дания (2+1+2) Франция (1+0+0) және Германия (1+0+0) құрамалары жайғасты.
Әлем • 03 Мамыр, 2020
Ресейде соңғы тәулікте 10 мыңнан астам коронавирус инфекциясы анықталды
Көрші елде пандемияның таралу аумағы үлкейіп барады. Тек соңғы тәулікте ғана 10 мыңнан астам науқастың жаңа дерегі тіркелді. Бұл күнделікті рекордтық өсім, науқастанғандардың жалпы саны соңғы тәулікте 134 687 адамға жетті.
Аймақтар • 03 Мамыр, 2020
Кеше СҚО Қызылжар ауданының Прибрежное селосында үлкен өрт болып, ол 200 шаршы метр нысанның төбесін, 10 мың дана дайын өнімді жоқ қылды. Сонымен бірге 900 шаршы метр алаңды от шарпыды. Қазір өрттің шығу себептері мен кәсіпорынға келтірілген шығын көлемі есептелуде.
Коронавирус • 03 Мамыр, 2020
Шымкентте тағы 4 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Вирус жұқтырғандар 1982, 2020, 1976, 1983 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.