Руханият • 04 Мамыр, 2020
Ертеде тақуа діндарды жап-жас жігіт іздеп келеді. Ол тақуадан адам ретінде толық жетілудің жолын сұрайды. Сонда тақуа: «Сен бүгін түнде бейіт басына бар да, таң атқанша өлгендерді мақта! Олар саған не дейді, соны маған айтарсың!», дейді.
Руханият • 04 Мамыр, 2020
«Жатқанда Отан жері отқа жанып»
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында кемел ақын Жұбан Молдағалиевтің соғыс жылдарындағы поэзияға қалдырған ізіне зер салдым. Себебі сол жеңістің адамзат үшін қаншалықты маңызы болса, ардагер ақынның 100 жылдық мерейтойы да соншалықты қымбат. Қаламын қаруға айырбастаған Жұбан ақын майдандағы жауынгерлерге, артта қалған ел жұртына жүректен шыққан жырларымен қайрат берді, жұбаныш болар жыр іздеді. Қашанда, елін жаудан қорғау – ең маңызды іс.
Қоғам • 04 Мамыр, 2020
Өткен жұмада, яғни 1 мамырда қалың нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Елді мекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келіп, су қоймасына жақын маңдағы махаллалардың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Сұхбат • 04 Мамыр, 2020
Мұрат – рухани тамырдан ажырап қалмау
Карантин кезінде оқырманға оқылымды дүние әзірлеу мақсатында әр саланың көш басында жүрген азаматтарға хабарласып, бос уақыттарын қалай өткізіп жатқаны турасында ой бөліскен едік. Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер Құсман ШАЛАБАЕВҚА қоңырау шалғанымызда «Қандай кітап оқып жатырсыз?» деген сауалдан бастау алған әңгіме өзегі талай тақырыптың тиегін ағытты.
Қоғам • 04 Мамыр, 2020
Нарықта нанның құны – 100 теңге. Көп ақша емес әрине, бірақ күндігіне есептесек, әрбір отбасыға кем дегенде 2 не 3 бөлке кетеді. Ас атасынсыз дастарқанның көркі кірмесі анық. Әмсе, тойымды тамақ. Осы бір тәтті өнімнің бүгінде дүкендерде аса бір сұранысқа ие болғанына таңғаласың. Оны қыз-келіншектердің еріншектігіне жорисың ба? Жоқ әлде уақытты ықшамдап, жеңіл жолмен сатып алған тиімді ме? Кім білсін, әйтеуір артық ашытқы арқылы көтерілген нанға бәрі зәру.