Бизнес • 25 Мамыр, 2023
Бизнесмен әйелдердің берекелі қадамы
Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасында әріптестікті бұдан әрі кеңейту аясында екіжақты келісімге қол қойылғаны бар. Онда жасыл, инклюзивті және гендерлік экономиканы дамыту мен цифрландыруды ілгерілетуге және 2060 жылға қарай елдің энергетикалық секторында көміртектің бейтараптығына қол жеткізу үшін ұзақмерзімді ынтымақтастық стратегиясын әзірлеуге келісім жасалған болатын. Сөйтіп, 18 жобаға 630 млн доллар инвестиция салынды. Сонымен қатар еліміздегі банк секторының рөлін арттыруға, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл аударылып, кәсіпкерлікті дамыту үшін жергілікті несие берушілерге 65 млн доллар бөлінді.
Қаржы • 25 Мамыр, 2023
Еліміздің бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банк өткен айда әлемдік қаржы нарығында бәсеңдей бастаған құбылмалықтың тәуекелді активтер динамикасына оң әсерін тигізіп, елдің ішкі валюта нарығында және халықаралық резервтер тұрғысынан біраз мәліметтер ұсынды.
Экономика • 25 Мамыр, 2023
Орталық Азия – зор мүмкіндік аймағы
Геосаяси үдерістер аясында Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынас тың қарқын ала бастады. Өңір елдері экономикалық тұрақтылық, ортақ мүдде үшін ынтымақтастықтың өзектілігі артқанын растап отыр. Жуырда Алматыда өткен екінші «Еуропалық одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы қазіргі сын-қатерлер жағдайында көпқырлы әріптестікті әрі қарай нығайтуға негізделген маңызды іс-шара болды.
Энергетика • 25 Мамыр, 2023
Энергетик мамандарды даярлау кемшін
Әлемдік экономиканы бүге-шігесіне дейін зерттеп-зерделеп жүрген «Korn Ferry» халықаралық консалтингтік компаниясы әлемде білікті мамандардың жетіспеушілігі 2030 жылға қарай қатты білініп, бұл саланың дамуына барынша бөгет болады деп болжам жасапты. Онда қаржылық қызметтер секторына кадр тапшылығы 10,7 млн адамды құраса, экономикалық шығындар жыл сайын 1,3 трлн доллардан асатын көрінеді. Осылайша, маман тапшылығына ұрынатын барлық салада технологияның дамуы тежеліп, кадр тапшылығы 4,3 млн адамға жетеді-мыс. Соның нәтижесінде, 2030 жылға қарай жыл сайын 1 103,25 млрд доллар көлеміндегі пайданы жоғалтады екенбіз. Өндіріс саласы бойынша еңбек нарығындағы сұраныс ұсыныстан 7,9 млн адамға асып кетеді екен. Бұл – әлемдік деңгейде аталып отырған көрсеткіш.
Қазақстан • 25 Мамыр, 2023
АЭС-тің айналаға әсері қандай?
Елімізде атом электр стансасын салу төңірегіндегі мәселе біраз уақыттан бері қоғамдық талқыға түсіп келеді. Бір жақ АЭС елдегі энергия тапшылығын азайтар еді деп жақтап жатса, келесі топ Чернобыль мен Фукусимадағы апатты жағдай бізде де қайталануы мүмкін деген күдікпен наразылық танытуда.