Қазақстан • 12 Мамыр, 2017
Астанада халықаралық үрмелі аспаптар фестивалі өтеді
Елорда күні құрметіне Қазақстан мен шетелдік үздік үрмелі аспаптар оркестрлері осымен 8-ші жыл қатарынан «Астана Самалы» халықаралық үрмелі аспаптар фестивалінде бас қосады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2017
Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда ең әрі кеткенде жылына 20 тоннаға дейін алтын өндірілетін. Тәуелсіздік жылдарында ел басшылығы алтын өндірісін дамыту мәселесін алға қойды. Бұл саясат өз жемісін берді. Жыл өткен сайын Қазақстанның алтын өндіру көрсеткіші алға басып отырды. 2013 жылы елімізде 42,4 тонна алтын өндірілсе, 2014 жылы бұл көрсеткіш тағы да 13 пайыз алға басып, 47,8 тонна алтын өндіруге қол жеткізілді. Осы жылы Қазақстан әлемдегі алтын өндіретін елдер арасынан 16-орынға табан тіреді.
Парламент • 12 Мамыр, 2017
Жаңа заң жайылым жайын реттейді
Жайылымдық жер ауылдағы мал ұстайтын ағайынның жанды жеріне айналғалы қашан. Себебі, бүгінде ауылдық жерлерде мал бағатын жайылым жетіспейді деген мәселе күн тәртібінде тұр. Аталған жайды түпкілікті реттеуді көздейтін жайылымдар туралы заң елімізде осы уақытқа дейін болған жоқ. Мемлекет басшысы биылғы жылдың 20 ақпанында «Жайылымдар туралы» Заңға қол қойып, ол күшіне енген еді. Біз жаңа заңға қатысты айтары бар болуы ықтимал деген оймен «Жайылымдар туралы» заң жобасын әзірлеуге жетекшілік еткен Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВПЕН әңгімелескен болатынбыз.
Парламент • 12 Мамыр, 2017
Хаттама қаралып, келісім талқыланды
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы темір жол көлігі кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Парламент • 12 Мамыр, 2017
Сабыр Рақымов туралы көркем фильм түсіру керек
Сенат отырысында депутат Әли БЕКТАЕВ Премьер-Министр Б.Ә.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады. Онда былай делінген: