Медицина • 15 Мамыр, 2017
Әйелдер зорлық-зомбылыққа неге жиі ұшырайды?
«Біз Қазақстан Үкіметін, азаматтық қоғамды және жеке секторды әйелдердің жетістіктерін қолдауға, әйелдердің құқығына қатысты мәселелерге көңіл бөліп, жұмыста гендерлік теңдікті сақтауға шақырамыз», делінген БҰҰ үндеуінде. Үндеу жолдаған БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура екен. Онда Қазақстан заңдарында «сексуалдық тиісу» түсінігіне толық анықтама берілгені айтылған, ал әйелдер қоғамдық орындарда осындай жағдайлардан қорғалмаған.
Бауыржан Момышұлы туралы тың құжаттар табылды
Бауыржан Момышұлы туралы тың құжаттар табылды. Олжаның арасында батыр бабамыздың бейне және дыбыс жазбалары бар. Оларды Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанындағы «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Орталық мемлекеттiк кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мұрағатынан тапқан.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2017
Жекпе-жек • 15 Мамыр, 2017
Ислам ойындары. Дзюдодан Еламан Ерғалиев қола жүлдегер атанды
Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қазақстандық дзюдошы Еламан Ерғалиев қола жүлдегер атанды.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2017
Елбасы бастамалары Түркістанда талқыланды
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында барша түркі жұртының рухани астанасы – Түркістанда түркі мемлекеттерінен келген журналистердің Халықаралық форумы өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырған шараға Түркия, Әзербайжан, Башқұртстан, Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Қазақстанның беделді ақпарат құралдарының басшылары мен журналистері қатысып, Түркі әлеміне ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыру, телеарна құру мәселесі төңірегінде пікір алмасты.