Шаруашылық • 23 Мамыр, 2023
Көпке мәлім, биыл жетісулық шаруалар халықты қантпен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуді көздеп отыр. Олай дейтініміз, бұрынғыдай емес, егістік көлемі 2 есеге ұлғайған. Оның үстіне өңірде бос жатқан жерлерді халықтың игілігіне беріп, шағын шаруаларды да егін егуге жұмылдырып жатыр. Қазір кәсіп иесінің көпшілігі егін басында жүр.
Инвестиция • 23 Мамыр, 2023
Қойнауы «қара алтынға» толы Атырау облысына қызықпайтын инвестор жоқ. Алыс та жақын шет елдердің компаниялары әр саланы дамытуға инвестиция салуды қолай көреді. Өйткені облыс әкімі Серік Шәпкеновтің пікірінше, Атырау – өндіріске, логистика саласын өркендететін инвестициялық жобаларға үлкен мүмкіндік ашатын аймақ.
Алматы • 23 Мамыр, 2023
Үлкен Алматы автожолы пайдалануға беріледі
Салынуы жайлы 15 жыл бұрын айтылып, биыл ғана аяқталғалы отырған Алматыдағы Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (БАКАД) 2023 жылдың маусым айында пайдалануға берілмек. Бұл туралы «БАКАД инвестиция және операциялар» мекемесінің басшысы Айман Жанұзақова хабарлады. Айтуынша, жобаның жалпы құны – 743 млн доллар. Оның 78 пайызы – займ қаржысы болса, 22 пайызы – жеке қаражат. Жобаны үш қаржы мекемесі – Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуразия даму банкі және Ислам даму банкі қаржыландырған. Ал құрылысты түркиялық Alarko Holding және Makyol, кореялық SK ecoplant және Korea Expressway Corporation компанияларынан құралған консорциум жүзеге асырып жатыр. Автожол мемлекет меншігіндегі мүлік болып саналады.
Ғылым • 23 Мамыр, 2023
Топырақтану ғылымы «адасып» жүр
Аграрлық салада біліксіз менеджерлер жұмыс істейтін секілді. Себебі бұл саланың қай бағытын алсаң да, шешілмейтін мәселе өте көп. Олар мұның бәрін қаржының жоқтығымен түсіндіреді. Алайда бұл – ақылға сыймайтын дүние. Біздіңше саланың екі тізгін, бір шылбырын ұстап отырған менеджерлер ғылыми бағыттың мәнін, маңызын түсінбейді. Мәселенің бәрі де осыдан туындап отырған секілді. Аграрлық саланы осы бағытты жетік меңгерген, білімді де білікті адамдар басқаруы керек.
Білім • 23 Мамыр, 2023
18 мамырда негізгі ұлттық бірыңғай тестілеу басталғанын хабарлаған едік. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады. 166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75 пайызы – қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдіріпті.