Экология • 23 Сәуір, 2026
Каспий теңізінің деңгейі 21 метрге дейін төмендеуі мүмкін
Астанада өткен халықаралық экологиялық форум аясындағы панельдік сессияда Каспий теңізіне қатысты алаңдатарлық болжамдар айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 23 Сәуір, 2026
Дәурен Серғазин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Алдар – уақытпен бірге жаңғырған кейіпкер
Көрермен үшін ерекше жаңалық. Көпшіліктің сүйікті кейіпкеріне айналған Алдар бейнесі араға жылдар салып, жаңа тыныспен, тың интерпретацияда үлкен экранға қайта оралды. Бірақ бұл жолғы ізденістің ізі де, идеясы мүлдем бөлек. Иә, қазақ киносының классигі Шәкен Аймановтың Алдарынан кейін әйгілі кейіпкерді жаңа буынға қайта танытқан актер Дәурен Серғазин болса, енді міне, сол Дәурен тұп-тура 15 жылдан кейін халық жадында сақталған жарқын образды бүгінгі заманға бейімдеп, қайта жандандыруды мақсат етіпті. Тек бұл жолы бас кейіпкер ғана емес, фильмнің продюсері ретінде де тер төккен өнер иесінен төл туындысы турасында сұрадық. Сонымен, 23 сәуірде үлкен экранға жол тартқалы отырған ұлттық жоба – «Алдар. Махаббат туралы аңыз» фильмінің көрерменге ұсынар қандай жаңалығы бар? Бүгінгі Алдар бұрынғы Алдарлардан несімен ерекшеленеді? Оны актердің өзінен сұрадық.
Қылмыс • 23 Сәуір, 2026
Щучинсктегі жарылысқа қатысы бар тағы екі күдікті ұсталды
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылыс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр. Бүгінде аталған қылмыстық іске қатысы бар тағы екі күдікті ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 23 Сәуір, 2026
Жер-жаһанның қай қиырында жүрсек те жанқалтамыздан табылатын көк паспортымыз жанымыздың жалауындай қастерлі. Жалаудай дейтіндей жөніміз, бұл – жай ғана құжат емес, елдігімізді танытатын айшықты рәміз. Азаттығымызды, дербестігімізді сезіндіретін осы төлқұжатымызбен төрткүл дүниені емін-еркін шарлап жүріп, еліміздің егемендігін құнттай түсеміз, кеудемізді мақтаныш кернейді.
Елорда • 23 Сәуір, 2026
Астанада 1 мамырда ауқымды спорт фестивалі өтеді
1 мамыр күні Астана қаласында бұқаралық спортты дамытуға арналған ірі спорт фестивалі ұйымдастырылады. Іс-шараның ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.